Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Семейде полиция қызметкері көшеде инсульт алып қалған ер адамның жүрегіне массаж жасап, оны жасанды жолмен тыныстандырған
- Менің көз алдымда адамды құтқарған полиция қызметкері Мыңғаев Асқарға үлкен алғысымды айтқым келеді. Мен көршіммен сөйлесіп тұрған едім, бір жігіт бізге жақындап, сол жерде құлады. Біз осы уақытта абыржып жедел жәрдемге қоңырау шала бастадық, маңайымызда полиция көлігі тұрған еді. Мұны көрген полиция қызметкері жүгіріп келіп оған жүрек массажын және жасанды тыныс алуды жасай бастады, - дейді куәгер.
- Сол мезеттегі сәт осы уақытқа дейін әлі көз алдымда. Сол сәтте адам өмірі үшін арпалысқан азамат полиция қызметкері, сержант Асқар Мыңғаев екенін барлығына жеткізгім келеді. Бұл оқиға туралы менің көршілерім ғана білгенімен шектелгім келмейді, жігіттің туыстары да оның адам өмірін құтқарғанын білгенін қалаймын, - дейді семейлік тұрғын.