ШҚО шекаралас аудандарын дамытуға ірі ақша сомасы бағытталады
Есепті кездесу барысында өңір басшысы Даниал Ахметов жоспарланған іс-шаралардың тұтас кешенін жариялады
Облыстың бес шекаралас ауданында халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша кешенді жоспарлар аумақты дамыту шеңберінде әзірленді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Іс-шаралар бес жыл ішінде іске асырылатын болады, қаржыландырудың жалпы көлемі - 218 миллиард теңге.
ШҚО әкімі Даниал Ахметов айтып өткендей, Орталық және шет аймақтар арасындағы жағдайды теңестіру үшін Күршім, Зайсан, Тарбағатай, Катонқарағай, Үржар аудандарының проблемалары мен даму перспективалары терең пысықталды. Қабылданған жоспарлар халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
Сонымен қатар, өткен жылы Күршім және Үржар ауылдарында екі бассейн, Мақаншы ауылында спорт модулі салынды. Екі пәтерлі 17 тұрғын үй пайдалануға беріліп, үш көппәтерлі үйдің құрылысы басталды, 105 білім беру нысаны, алты денсаулық сақтау нысаны, тоғыз спорт, 31 мәдениет нысаны, сондай-ақ 270 шақырымнан астам жол мен көше жөнделді.
Следующая →

- 2021 жылға төрт көппәтерлі тұрғын үй, сегіз су құбыры, төрт ФОК, екі спорт модулі, үш мәдениет нысанының құрылысы жоспарланған, - деп хабарлады өңір басшысы. - 39 әлеуметтік сала нысандарын, 12 су құбырын және 230 шақырымнан астам жолдар мен көшелерді жөндеу қарастырылған. Осы жылдың өзінде ғана бес шекаралас ауданды дамытуға 59 миллиард теңге жұмсау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, өткен жылы Күршім және Үржар ауылдарында екі бассейн, Мақаншы ауылында спорт модулі салынды. Екі пәтерлі 17 тұрғын үй пайдалануға беріліп, үш көппәтерлі үйдің құрылысы басталды, 105 білім беру нысаны, алты денсаулық сақтау нысаны, тоғыз спорт, 31 мәдениет нысаны, сондай-ақ 270 шақырымнан астам жол мен көше жөнделді.
- Тарбағатай, Күршім және Үржар аудандарының ауылдарына сумен жабдықтау желілері тартылды, 18 елді мекенде блокты-модульді станциялар орнатылды. Шекара маңындағы аудандар ауруханаларының перзентхана бөлімшелерін екінші деңгейге ауыстыру үшін 989 миллион теңгеге медициналық жабдықтар сатып алынды. 2020 жылы барлығы 44 миллиард теңгеге жобалар іске асырылды, - деп қосты Даниал Кенжетайұлы.