Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

ШҚО-да биыл тұрғын үй және жол құрылысына шығындар артады

Өңір басшысы Даниал Ахметов бірден бірнеше құрылыс бағдарламалары бойынша жұмыстардың басталғаны және инвестициялар көлемінің артқаны туралы хабарлады

ШҚО әкімі өткен Құрылыс маусымының қорытындылары мен биылғы жылға арналған жоспарлар туралы айтып берді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Мәселен, 2020 жылы тұрғын үй құрылысына шамамен 82 жарым миллиард теңге жұмсалып, 520 мың шаршы метр пайдалануға берілді, 2021 жылы инвестициялар көлемін 90 миллиард теңгеге дейін ұлғайту, ал кемінде 560 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда.

Сондай-ақ, "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасын жүзеге асыру басталды. Жоба мемлекеттің инженерлік коммуникациялар жүргізуі есебінен жеке тұрғын үйлер құрылысын ынталандыруға арналған.

Облыс әкімінің айтуынша, билік бұрынғы аудан орталықтарын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Әңгіме әлеуметтік инфрақұрылым сақталып отырған, бірақ тұрғын үй-коммуналдық салада, сондай-ақ жол инфрақұрылымында проблемалар бар 13 елді мекен туралы болып отыр.

- Барлық бұрынғы аудан орталықтары көшелерінің тек 44%-ы ғана жақсы және қанағаттанарлық жағдайда, - деді Даниал Ахметов. - Қайнар, Бозанбай, Баршатас, Серебрянск ауылдарындағы жолдардың жағдайы нашар. Халықты сумен жабдықтаудың төмен деңгейі Мақаншы және Бозанбай ауылдарында байқалады. Сондай-ақ бұрынғы аудан орталықтарында рекреациялық және спорттық құрылыстар желісі нашар дамыған. Тұрғын үй салу қажет. Кезекте 722 адам тұр. Олардың көпшілігі Серебрянск қаласында – 153, Мақаншы ауылында - 109 және Самарада - 94 адам.

Өңір басшысы аудан және Семей әкімдеріне экономика басқармасымен бірлесіп, бұрынғы аудан орталықтарын алдағы үш жылға дамыту бағдарламасын жасауды тапсырды.

Республикалық маңызы бар жолдарға келетін болсақ, оларды жөндеуге ШҚО-да 70 миллиард теңге жұмсау жоспарланып отыр. Айта кетейік, Өскемен-Алматы тас жолын жөндеу жұмыстары келесі жылы ғана аяқталады, бірақ қозғалыс осы жылы ашылады.

- Таскескен-Бақты жолының 20 шақырымын қайта жаңарту аяқталуда, жоба түзетілгеннен кейін Өскемен-Зырян - Рахман қайнары тас жолында Осинов асуын айналып өту жұмыстары жалғасады, - деп атап өтті ШҚО әкімі. - Бұдан басқа, облыстық және аудандық маңызы бар 138 шақырым жолда 3,3 миллиард теңгеге жұмыстар жүргізіледі. Ағымдағы жылы көлік-жол инфрақұрылымына барлығы 86,7 миллиард теңге инвестиция салынады.
Следующая →