Құлынжон қорықшасы - еліктер мекені
Көкжоталық орманшының жұмысы қандай?
Біздің кезімізде мектепте «Дүниетану», «Жаратылыстану», «География» пәндерін оқыған барлық бала Қазақстанның қорықтары деген тақырыпта сабақ өткен. Табиғаттануды ерекше жақсы көретін әрбір оқушы Ақсу-Жабағылы, Наурызым, Барсакелмес, Марқакөл деп бастап он қорықты жіпке тізгендей айтып, барлық мағлұматты мазмұндап беруші еді.
Қазір мемлекет назары ұлттық табиғи парктерге ауып тұрған заман. Елімізде соңғы ресми дерек бойынша он екі ұлттық саябақ бар екен. Бейресми мәліметтерге, сүйенсек он үш делінеді. Өйткені 2018 жылы жаңадан құрылған Тарбағатай ұлттық табиғи саябағын жұрт №13 парк деп жүр. Тарбағатай ұлттық саябағының бақылауына Көкпекті ауданына қарайтын Құлынжон қорығы да енгізіліпті. Шын мәнінде қорық деуге келмейді, аумағы мен ауқымын есептей келе қорықша дегеніміз жөн (Құлынжон ауылымен шатастырып алмау керек).
Құлынжон – бұрынғы аудан орталығы Самар елді мекенінен 27 шақырым жердегі Көкжота ауылының дәл іргесінде орналасқан. 1967 жылы құрылған қорықтың алып жатқан аумағы – 46 мың гектар. Мұнда жануарлардың 20, құстардың 80 түрі мекен етеді. Қамбар-Қарасу, Чаечье, Казнаков секілді ірі көлдер де осы аумақта. Қызылқұмдағы құм шағылдарына саяхаттап қыдырып келген кез келген адам шығыстың шөлейтті, барқанды даласында жүргендей күй кешері анық.
Қараша мен желтоқсан айларында шығыс өңірінің аудан аралық тас жолдарында өте абайлап жүрген жөн. Өйткені бұл мезгілде сібір елігі қысы қатты аумақтан қары жұқа, жылы мекенге қоныс аударады. Орталық Алтайдан шығып көш бастайтын еліктер Қалба сілемдерін бағытқа ұстап, Ертіс пен Үлбі өзенінен малтып өтіп, Көкпектінің қорғалатын маңызды аумағы Құлынжон қорықшасына жетеді. 1970 жылы табиғат дүниесін зерттеушілер бұл өлкеде бір мезгілдің өзінде екі мыңға жуық еліктің қыстайтынын тіркепті. Сібір еркелерінің осыншама көп санмен қыстап шығатын мекенін аңғарған жергілікті ғалымдар олардың тұрақты түрде көбеюіне жағдай жасау үшін аталмыш қорықты құруды және мемлекеттік деңгейде қорғау мен бақылауға алуды ұсынады.
Құлынжон қорығының мұрты бұзылмай сақталуына жауап беретін, ағаштар мен өсімдіктерді, жануарлар мен құстарды қаскөйлерден қорғайтын, қандай да бір мәселені басқармаға хабарлап жеткізіп отыратын Дәурен Кеңесұлымен аз-кем сұхбаттасудың орайы келді.
- Осы салада жүргеніңізге қанша жыл болды? Жұмысыңыз өзіңізге ұнай ма?
- Орман шаруашылығында қызметте жүргеніме 35 жыл болыпты. Әлбетте, өз жұмысымды қатты жақсы көремін. Тіпті бұған «жұмыс» деп аса бір қиыншылықпен қарамаймын. Иә, жауапкершілігі көп. Десе де, сүйікті ісіммен айналысқан жаныма рахат сыйлайды.
- Сіздің атқаруға тиісті міндетіңізге не кіреді сонда?
- Құлынжон қорықшасының Самар орман шарушылығы бөліп берген арнайы аумағын қадағалаймын. Ормандағы өрт қауіпсіздігін, ұрлық болмауын бақылаймын. Ағаштардың неше түрлі аурулары болады, соларды орман шаруашылығына ескертіп айтамын. Орманшының тағы бір міндеті – ауыл тұрғындарына, жалпы халыққа ағаш бергенде басы-қасында болу. Кесуге рұқсат берілген ағаштар ғана болады, соны көрсетіп беру қажет. Орманға демалуға келген саяхатшыларға, туристерге өрт қауіпсіздігін, орман тазалығын сақтау жайында түсіндіру жұмыстарын жүргіземін. Бір сөзбен айтқанда, табиғат-ананың бар байлығын бұзбай сақтау, баладай әлпештеп, мәпелеп қарау – орманшының басты парызы.
- Қорықта жануарлардың, құстардың қандай түрлері бар? Жалпы өзіңіз орманға, құмға барған сайын аңдарды жиі кездестіресіз бе?
- Бұл жерде жыртқыш етқоректілерден қасқыр, сілеусін, түлкі, борсық, жабайы қабан шошқа, тұяқтылардан бұғы, бұлан және елік бар. Құстардан қаз, қоңыр қаз, аққұтан, көкқұтан, бозүйрек, сылдақ шөрегей, қызылбас сүңгуір, бақылдақ қыран, құр, шіл, тырна, қасқалдақ, дуадақ, қызғыш құс мекендейді. Сұр құрбақа мен үлкен көзді кесірткені де көре аласыз.
- Қазақстанның Қызыл кітабына енген, сирек кездесетін немесе популяциясы жойылуға жақын аң-құс, өсімдік түрлері бар ма?
- Иә, әрине. Су тышқаны, жүндес қосаяқ, құм қояны – қазір саны аз қалған жануарлар қатарына жатады. Арша, ақ қараған, жүзгін, қияқөлең сияқты шөптесін, бұталы өсімдіктер де ерекше қорғауға алынған.
- 2018 жылдан бастап Құлынжон қорықшасы жаңадан құрылған Тарбағатай ұлттық табиғи саябағының құрамына енді. Қаншалықты дұрыс, жалпы не өзгерді?
- Өзгерген дәнеңе де жоқ. Бәрі бұрынғыша. Қорық Тарбағатай ұлттық паркіне кіреді деп есептелсе де, орманы мен құмы, суы мен жері өзіміздің Самар орман шаруашылығының қарамағында қалды. Жұмысымызды сол баяғыша жалғастырып жатырмыз.
- Орман шарушылығында, мемлекеттік қорықтарда жұмыс істейтін қызметкерлерге үкімет тарапынан дұрыс көңіл бөліне ме?
- Үлкен қорықтар мен басқа шаруашылықтарды білмеймін, өз басым 78 000 теңге жалақы аламын ай сайын. Экологиялық тұрғыдан және еңбек өтілі үшін қосатын кішкене мөлшерлеме бар. Алатын айлығымыз қазіргі заман талабы мен күнкөріс көзі үшін аз. Негізі мемлекеттен ешқандай қолдау жоқ. Бізге, қызметкерлерге емес, жалпы қорықтар мен орман шаруашылығына, жануарлар дүниесіне деген аса бір ынтызарлық жоқ.
- Дәурен аға, ақпаратпен бөліскеніңіз үшін көп-көп рахмет! Жұмысыңызға табыс, ісіңізге береке тілеймін!
Следующая →

- Құлынжон қорықшасы он жыл мерзімге жоспарланып құрылған болатын. Аталмыш уақыт аяқталған соң аймақты бір аралап қайту үшін мені шақырды. Бұқтырма су қоймасының жағасында 140 шаршы шақырым алқапты алып жатқан қорықшаны аралап, маңызды аумақтың қорғалу мерзімін ары қарай созу жөнінде шешім қабылдадық. Еліктер ол кезде жаз мезгілінде де кетпей қалып қоятын. Қамыс арасын құр, жабайы қабан, тағы басқа аңдар паналайды. Жейтін азығы мен табатын қорегі жеткілікті болған соң, қасқыр да көп. Осы күні ол жерде ары кеткенде 500 елік мекендейтін шығар, - дейді жазушы, өлкетанушы, ғалым-орнитолог Борис Щербаков.Өзінің саналы ғұмырын табиғат байлығын қорғауға, сақтауға арнап келе жатқан Көкжота ауылының тумасы әрі тұрғыны Дәурен Сүлейменов – өз жұмысына адал, туған жеріне шын берілген, құрғақ сөзден гөрі іспен дәлелдегенді, тынбай еңбектенгенді жақсы көретін, аузын ашса жүрегі көрінетін тамаша адам.