Өскемен
пасмурно
-3°
  • Өскемен
    -3°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    +7°
  • Актау
    +6°
  • Орал
    +8°
  • Қарағанды
    -6°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -3°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    -6°
  • Петропавловск
    -5°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +12°
$
502.83
545.37
¥
69.43
5.95
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Ұлан ауданындағы амбулатория жөндеуден өтеді

Ұлан ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев өңір халқының тұрмыс-тіршілігін жақын танып-білу мақсатында ауылдық округтерді аралауды жалғастыруда. Жақында Аблакет ауылдық округіне жұмыс сапарымен барған болатын

- Сағыр ауылында мектеп ғимаратын аралап, жеке меншік балабақша мен ауылдық дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен таныстым, - дейді Ренат Құрмамбаев. - Биыл амбулаторияны күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда.
Одан кейін ат басын ежелгі Ақбауыр кешеніне бұрған. Аудан әкімі биыл мұражай құрылысын бастауды жоспарлап отырғандарын айтты. 
- Сондай-ақ, "Ақбауыр" шаруа қожалығында болдық, қожалықтың негізгі бағыты жылқы өсіру және қымыз өндіру болып табылады. Басшысы Сүйеніш Бердіхан шаруашылықты кеңейту жос-парларымен бөлісті, - деді аудан әкімі.
 Полиэтиленді құбырлар шығаратын кәсіпорынды қарап шыққан жаңа басшы аудан аумағында осындай кәсіпорын бар екені қуантатындығын да айтып қалды. 
- Қазір Сағыр ауылында орталықтандырылған су құбыры жүйесінің құрылысы басталды және осы кәсіпорынның өнімі құрылыс кезінде сұранысқа ие болуы мүмкін. Сондай-ақ, Мамай батыр және Бестерек ауылдарында болдық. Жалпы, бұл округтің дамуына жақсы перс-пективалары бар, - деді Ұлан ауданының әкімі.
Следующая →