Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған шара өтті

Шығыс Қазақстан Өнер музейінде "Қазақстан Республикасының 30 жылдығы" аясында қазақ халқының ауыз әдебитетінің жырауы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған "Өлеңін халыққа арнаған..." атты мерекелік шара өтті

Шара барысында аты аңызға айналған ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-музыкалық бағдарламалар, деректі филімдер үзінділері, Отанға деген махаббатқа толы өлеңдер оқылды.
Ағайынды Абдулиндер атындағы халық әртістері өнер училищесінің студенттері Жамбыл Жабаевтың "Жиырма бес", "Үгәй-әй", "Ақындарға арнау" әндерімен тыңдарманын тәнті етті.
Осы бағдарлама аясында балалар арасында (12-16 жас) Жамбыл Жабаевтың шығармаларын (өлеңдер, проза) оқуға арналған республикалық онлайн конкурс жарияланған болатын. Оған Катонқарағай, Ұлан, Күршім аудандарынан, Өскемен, Талдықорған қалаларынан, Алматы облысынан барлығы 44 оқушы қатысқан.
Шара соңында Өнер музейінің директоры Бекайым Уябаева байқауға қатысушыларды марапаттады. 
Следующая →