Өскемен – Алматы тас жолы 2022 жылы бірақ ашылатын болды
Республикалық маңызы бар жолдың қайта қалпына келтіру жұмыстарына 70 миллиард теңге көлемінде қаржы құйылғалы жатыр
Аймақ басшысы Даниал Кенжетайұлы жергілікті жауапты органдардың былтырғы жылы бітірген жұмыстары мен тындырған шаруалары жайлы Қоғамдық Кеңестің алдында есеп берді. Әкімнің есеп беруі онлайн, бейнеқоңырау конференциясы түрінде өтті.
Облыс басшысы өзінің баяндамасында мәлімдегендей жол-көлік құрылымына өткен жылы 88,8 миллиард қаржы жұмалған екен. Жақсы және қанағаттанарлық сападағы жолдың үлесі 85%-ға жеткен.
Бұдан бөлек, ағымдағы жылы Шығыс өңіріндегі инфрақұрылымның дамуы үшін аса маңызды Өскемен және Үржар әуежайларын жөндеу жұмыстары да жалғасын табады. Бұқтырма су қоймасының үстіне салынатын көпір де аталымыш жобаға кіреді.
Следующая →
Облыс басшысы өзінің баяндамасында мәлімдегендей жол-көлік құрылымына өткен жылы 88,8 миллиард қаржы жұмалған екен. Жақсы және қанағаттанарлық сападағы жолдың үлесі 85%-ға жеткен.
- Республикалық маңызды жолдарды қайта қалпына келтіруге енді бюджеттен 70 миллиард теңге жоспарланып отыр. Өскемен – Алматы тас жолының Қалбатау – Майқапшағай автожолының 200 шақырымында қозғалысқа рұқсат беріледі. Жалпы жол құрылысы толығымен 2022 жылы аяқталады. Сонымен бірге 3,3 мллиард теңгеге облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу жұмыстары басталады. Жалпы алғанда биылғы жылы жол-көлік құрылымына 86,7 миллиард теңге жұмсалатын болады, - дейді Даниал Ахметов.Таскескен – Бақты тас жолының 20 шақырымына жүргізіліп жатқан жөндеу де бітуге жақын. Ол аяқталған соң Өскемен – Алтай – Рахман қайнарлары тас жолындағы жұмыстар жалғасатын болады.
Бұдан бөлек, ағымдағы жылы Шығыс өңіріндегі инфрақұрылымның дамуы үшін аса маңызды Өскемен және Үржар әуежайларын жөндеу жұмыстары да жалғасын табады. Бұқтырма су қоймасының үстіне салынатын көпір де аталымыш жобаға кіреді.
Тақырыптар:
Трасса Алматы - Усть-Каменогорск Аким ВКО Даниал Ахметов Дорога республиканского значения