Өскемен
пасмурно
-8°
  • Өскемен
    -8°
  • Алматы
    -3°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -12°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -3°
  • Қызылорда
    -8°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -4°
  • Шымкент
    -2°
$
521.81
+6.56
543.67
+7.76
¥
71.49
+0.89
5.05
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

13 шетелдік азамат Қазақстаннан шығарылды

15-19 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан облысында "Мигрант" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Шара мақсаты - көші-қон заңнамасын бұзушылықты, заңсыз көші-қонды тоқтату және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қылмыстарының алдын алу, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

- Екі күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шара өткізген кезде 87 шетелдік азамат ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 13-і ҚР аумағынан шығарылды, - деді ДП МҚБ бастығы Ербол Бекпаев.

Сонымен қатар, ішкі істер органдарына шетел азаматтарының ел аумағында жүргені туралы полицияға кеш хабарлағаны үшін тәртіп сақшылары ҚР-ның Әкімшілік кодексінің 518-бабы бойынша 94 қазақстандықты жауапқа тартты.

- "Халықтың көші-қоны туралы" Заңның 6-бабының 4-тармағына сәйкес, қабылдаушы адамдар ішкі істер органдарына келген иммигранттар туралы олар келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті, - деп еске салады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Департамент уәкілетті органның рұқсатынсыз шетелдік азаматтарға еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін сегіз жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Мәселен, көші-қон қызметі қызметкерлері Өзбекстан азаматының заңсыз жұмыс жасау фактісін анықтады.

- Жеке тұлға ҚР Әкімшілік кодексінің 519-бабы  1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 30 АЕК (87 510 теңге) айыппұл салынды. Шетелдіктер Әкімшілік кодекстің 517-бабының 5-бөлігі бойынша жауапқа тартылып, елден шығарылды, - деп толықтырды мекемедегілер.

Сондай-ақ, Семейде заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін бір қылмыстық іс тіркелді. Криминалдық полиция іздеуде жүрген сегіз қазақстандық азаматты ұстады.
Следующая →