"Әкімдік қызметкерлері" сайлауды пайдаланып ер адамның атынан несие алмақ болған
Ақпан айының басында Шемонаиха аудандық полиция бөлімшесіне 54 жастағы аудан тұрғыны хабарласып, алаяқтықтың құрбаны бола жаздағанын айтты
ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, ер адамның үйіне екі бейтаныс кісі келген. Өздерін әкімшілік қызметкерлеріміз деп таныстырған олар сайлауға онлайн түрде дауыс беруді сылтауратып, оның атынан 32 мың теңге несие алмақшы болған.
Следующая →
- Тәртіп сақшыларының жедел іздестіру шараларының арқасында 30 және 43 жастағы екі ер азамат күдікті ретінде ұсталды. Олардың біреуі бұрын сотталған, - деді облыстық полиция басқармасының басшысы Сағат Мәдиев.Аталған іс бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-шы бабы, 2-ші бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.