ШҚО синоптиктері ертең жел күшейіп, жауын-шашын болады деп болжап отыр
Құтқарушылар, енді тұрғындар қолайсыз ауа-райын ескерту туралы ақпаратты Darmen мобильді қосымшасынан алуға болатынын еске салады
"Қазгидромет" ШҚО филиалының хабарлауынша, 18 ақпанда облыста күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, сондай-ақ тұман, көктайғақ және қардың борауы мүмкін.
Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін, Жарма ауданында екпіні секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін. Өскемен, Семей қалаларында екпіні секундына 15-18 метрге дейін жететін жел тұрады.
Следующая →
Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін, Жарма ауданында екпіні секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін. Өскемен, Семей қалаларында екпіні секундына 15-18 метрге дейін жететін жел тұрады.
- Желден үйлердің қалқасында, аялдамаларда, билбордтардың жанында, ағаштардың түбінде жасырмаңыз. Үзілген сымдар мен тербеліс белгілерінен аулақ болыңыз. Шіріген, ескі және жалғыз ағаштардың жанында көліктеріңізді қоймаңыз. Осындай метеорологиялық жағдайларда көлік қозғалысында қиындықтар көбейеді, жолды көру мүмкіндігі төмендейді, қардың жылжуы және көктайғақ қабаты пайда болады, апаттар саны артады. Осыған байланысты тұрғындар өте абай болу керек. Біз жүргізушілерді дауыл туралы ескертулерді құлақ асуға, жолдағы жылдамдық пен арақашықтықты сақтауға шақырамыз. Мүмкіндігінше алыс елді мекендерге барудан аулақ болыңыз, - дейді ШҚО ТЖД.