Өскемендік тұрғын өрт кезінде ажал құша жаздады
Үй иесінің 40 жастағы ұлы құтқарушылар келгенге дейін өз еркімен әрекет жасаймын деп термиялық күйік шалып, түтінге жеңіл түрде уланып қалды
"Достық" саяжай аумағындағы үй бүгін түнде отқа оранды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар басқармасының мәлімдеуінше, үйдің терезесі, есігі, төбесі, шатыры, ішіндегі жиһаздар, тұрмыстық заттар – түгелі жанып кетті. Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден газ баллонын алып шықты. Абырой болғанда атылған жоқ. Бір сағат өткен кезде жалын толықтай сөндірілді.
Следующая →

- Зардап шегушіні дәрігерлер қарап, емделуге жіберді, - дейді басқарманың баспасөз бөлімінде.