Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО тұрғынары мүлікті нотариуссыз-ақ ХҚКО-да тіркей алады

Қазіргі таңда жылжымайтын мүлікті тіркеу ең көп пайдаланылатын қызметтің бірі. Әдетте жылжымайтын мүлікті тек нотариус арқылы тіркеп үйренгенбіз, бірақ арзан және жылдам тіркегіңіз келсе, ХҚКО-ға жүгінуге болады

- Ол үшін, ең алдымен, ХҚКО-ға кезекті онлайн брондаңыз. Бронды растау үшін ХҚКО-ға 20 минутқа ерте келу қажет. ХҚКО операторына келесі құжаттарды ұсыну: сатып алу-сату келісімшартының 2 данасын жасасыңыз: мүліктің техникалық паспорты; мүлік меншігіне құқық беретін құжаттар (сатушы тарапынан); некеде болса, екі тараптың да жұбайының нотариус арқылы рәсімделген келісімі; егер жылжымайтын мүлік құрылыс компаниясынан сатып алынатын болса, қосымша: сату жөніндегі шешім; сатып алушы некеде болса, нотариус арқылы жұбайының рәсімделген келісімі. ХҚКО-ға дайын келісімшартпен келулеріңіз қажет. Келісімшартта міндетті түрде жылжымайтын мүліктің барлық сипаттамасы (ауданы, қабаты, пәтер нөмірі, кадастр нөмірі және басқа да техникалық сипаттамалары) көрсетілуі тиіс, - деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" ШҚО бойынша филиалының баспасөз хатшысы Мөлдір Заруетқызы.

  Ал егер жылжымайтын мүлікті құрылыс компаниясынан алған жағдайда, ХҚКО-ға компания өкілі келетін болса, келісімшартта оның аты-жөні көрсетілуі қажет. Егер олай болмаған жағдайда келісімшартқа қол қоюшы, яғни компания директоры, директорлыққа тағайындалғаны жайында бұйрықпен ХҚКО-ға өзі келеді.

Естеріңізге сала кетейік, қызмет құны (тұрғын үй үшін) - 1 202 тг. Қызмет құны тұрғын үйден басқа жылжымайтын мүлік түрлері үшін (қойма, автотұрақ т.б.) ауданына қарай өзгереді. Егер тұрғын үй жекежай болса, қызмет құны өзгермейді, бірақ жер телімі және басқа да жекежай аумағындағы құрылыс нысандары үшін қосымша төлем жасалады.

Қызмет көрсету мерзімі құжат тапсырған күнді есепке алмағанда – 1 жұмыс күні.
Следующая →