Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Мира Зеленская
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

ШҚО-да Police 102 мобильді қосымшасы іске қосылды

Енді аймақ тұрғындары құқық бұзушылық туралы полицияға өздерінің смартфондарының көмегімен хабарлай алады

Police 102 қосымшасын Play Market немесе App Store-дан жүктеу арқылы орнатуға болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Әрі қарай, пайдаланушы тіркеліп, атын, электрондық поштасын және телефон нөмірін көрсетуі керек.

Осы қосымшаның көмегімен оқиға орнынан тәулік бойы және онлайн режимінде хабарламалар, фотосуреттер мен бейнелер жіберуге, сондай-ақ аудио және бейне қоңыраулар шалуға болады.

- Облыстық полиция департаментінің бөлімшелерінде азаматтардың хабарламаларын қабылдау үшін 40 жұмыс орны дайындалды, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Операторға қосылған кезде геолокация автоматты түрде қосылады және өтініш берушінің деректері көрсетіледі, бұл уақытты айтарлықтай үнемдейді.

Мекемеде атап өткендей, бұл қосымшаны пайдалану халықтың қорғалу және сенім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ тәртіп сақшыларының құқық бұзушылықтарға қысқа мерзімде ден қоюына ықпал ететін болады.

- ШҚО полиция қызметкерлері өтініштерді Online режимінде қабылдауға толық дайын, - деп толықтырды өңірлік полиция департаменті.

Қосымша пилоттық режимде апробацияланды және Шығыс Қазақстан облысында пайдалануға дайын. Екі апта ішінде полицияға 102 мобильді қосымшасы арқылы негізінен жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы жеті өтініш түсті.
Следующая →