Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.89
+0.08
477.93
+1.11
¥
62.02
+0.02
4.76
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Айым Касембаева
Айым Касембаева
Ақпарат көзі:
Глубокое

Болашаққа жол сілтеген балабақша

Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен құрылған «Балапан» бағдарламасының жүзеге асыру жергілікті билік қызметінің басым бағыттарының бірі

Усть-Каменогорск и ВКО / В глубоковском районе открылся новый детский сад
Фото:
Газета "Огни Прииртышья"
Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты жаңа Жолдауында мемлекеттік жеке серіктестікті дамытуға ерекше тоқталған еді. Осы орайда, аталмыш бағыт бойынша қарқынды жұмыс атқарып жатқан Алматы облысын мысалға келтірді. 

Сәті түсіп, желтоқсан айының екінші жұлдызында Глубокое кентінде жағымды жаңалық орын алып, Глубокое кентінде мемлекеттік жеке серіктестік негізінде 100 орындық «Болашақ» балабақшасы ашылды. Салтанатты шараға аудан әкімі А. Бекбосынов және ауыл тұрғындары жиналды. 

Балабақша О. Бөкей атындағы қазақ орта мектебінің бұрынғы ғимаратында ашылған. 1972 жылы іргесі қаланған ғимарат балабақшаға негізделіп қаланғандықтан, ешқандай кедергілер болмаған. Нәтижесінде балабақша құрылтайшысы, «Айналайын» ЖШС директоры Тоқтарова Меруерт Кәдірбекқызы жолдасы Айдын Сайлауұлымен бірлесе отырып 15 млн. теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 20 күннің ішінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай нысанды қолданысқа тапсырды.

Нәтижесінде 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.Бұған дейін, Меруерт Кәдірбекқызы жыл басынан Өскемен қаласында мемлекеттік жеке серіктестік негізінде екі балабақша ашқан. 
Айта кетерлігі, кентте қазақ және орыс тілінде тәрбие ұстартатын екі балабақша қызмет етсе де, баласын мектепке дейінгі білім беру мекемесіне орналастыруға ниетті, кезек күткен ата-аналар үшін ашылған үшінші балабақша үлкен сый болды. 

Аталмыш балабақшаның негізгі ерекшелігі қазақ және орыс тілінде аралас тәрбие беретін ясли топтарының ашылуы, сондай-ақ, ата-аналардың жекелей тілектеріне қарай 20.00-ге дейін және демалыс күндері қызмет етуге даяр. Балабақшаға төленетін ақы мемлекеттік балабақшалармен бірдей он мың теңгені құрайды. 

Осыған дейін 2012 жылы мемлекеттік жеке серіктестік негізінде Черемшанка ауылында 64 орындық балабақша ашылған. Ендігі жолда ауданға қарасты Опытное поле, Перевальное, Прапорщиково ауылдарында және Белоусовка кентінде балабақша ашу мәселесі алға қойылған.
Следующая →