Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Алена Светлова
Алена Светлова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да ферманы дамыту үшін 53 млн теңге қаржы бөлінді

"Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы аясында 2020 жылы Бесқарағай ауданында 53 млн теңге сомасына "Саттаров К." шаруа қожалығына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу бойынша "Саттаров" ЖК мал шаруашылығы фермасын дамыту"жобасы іске асырылды

"Саттаров К." шаруа қожалығы ірі қара мал басын ет өнімі бағытында дамып, қазақтың ақ бас тұқымының Республикалық палатасының құрамына енген. Қожалық жыл сайын мемлекет тарапынан субсидия алып, қаржылар мақсатты түрде шаруа қожалығының дамуына қолданылады (жем алу, жанар жағар май және т.б)

- Мемлекеттік қолдаудың арқасында менің мал шаруашылығы базамда электр беру желісі жүргізілді. Осыдан кейін, біз шаруашылықтың барлық объектілеріне электр энергиясын әкелдік, жануарларды суару процесі электрлендірілді, сондай-ақ шаруашылықты сумен қамтамасыз ету, түнгі жарықтандыру орнатылды. Электрлендірудің арқасында біздің шаруашылықтың алдында жаңа бағыттар мен одан әрі дамудың жаңа мүмкіндіктері ашылды, - деп түсіндірді шаруа қожалығының басшысы Қалихан Саттаров.

"Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы идеяларды әлдеқашан кейінге қалдырған және оларды іске асырудан қорыққандар үшін, өз бизнесін дамытуды жалғастыратын шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін ынталандыру бола алады.

Бесқарағай ауданының аумағында жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 889 бірлік, оның ішінде заңды тұлғалар - 75 бірлік кәсіпорын, жеке кәсіпкерлер 353 бірлік және 461 шаруа қожалығы.

2020 жылы "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы бойынша Бесқарағай ауданында 3 жоба қолдау тапты.
Следующая →