Өскемен
малооблачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
444.14
+0.77
477.05
+2.56
¥
61.34
+0.10
4.85
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Көкпекті ауданы республикалық айтыс өткізбек

Республикадағы коронавирус инфекциясына байланысты ахуал тұрақталса, Көкпекті ауданы биыл республикалық айтыс өткізбек

Сәуір айына жоспарлап отырған бұл айтыс кәсіпкер Қайрат Дүйсембаевты еске алуға арналмақ.
"Елін сүйген ерлер бар..." тақырыбы аясында ұйымдастырылатын бұл айтысқа Ринат Зайытов, Аспанбек Шұғатаев, Дидар Қамиев, Жансая Мусина, Серік Қуанған, Рүстем Қайыртайұлы сынды елге танымал ақындар қатысадыдеп жоспарланған. Айтыстың бас жүлдесіне жаңа автокөлік тігілмек.
- Былтыр ғана ортамыздан ұзаған ауданымыздағы құрметті азаматтардың бірі, шаруақор, ұлттық спортымыз бен өнерімізге жанашыр, мұқтаж жандарға қолы ашық, өзінің туған жері Ақой ауы-лын толық қамқорлығына ала білген Дүйсембаев Қайрат Советбекұлын ұмыта алмақ емеспіз. Осы тұста барлықтарыңызды өтетін іс-шараға ниеттес болып, қолдау білдіруге шақырамын. Елін сүйген ерлердің ел үшін еткен ісі ел есінде қалуы тиіс деп ойлаймын, - деп жазды Көкпекті ауданының әкімі Серікқазы Сәдуақасов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Осы орайда айта кеткен жөн, аудандағы шаруа қожалықтарының бірінің жетекшісі болған Қайрат Дүйсембаев 2018 жылы өзі туған Ақой ауылына медицниалық пункт салып берген болатын. Кәсіпкер дәрігерден тапшылық көріп келген жерлестерінің өтініші бойынша осы нысанда жұмыс істеуі тиіс жас маманға баспана да алып берген.
Ақой ауылында тоқсаныншы жылдарға дейін медициналық мекеме болған екен. Кейін тоқырау жылдарында жұмысын тоқтатып, ғимараты сатылып кеткен. Ал кәсіпкер салдырған 4 бөлмелі жаңа ғимарат бүгінде ауылдастарының кәдесіне жарап тұр.

Следующая →