ШҚО-ның кейбір аудандарында су басу қаупі бар
Күршім ауданында Шанағатты өзені арнасының қатып қалуынан мұздақ пайда болып, төтенше жағдай қалыптасты
Бірнеше күн бойы 30-ға жуық маман аула аумақтары мен арық жүйесінен суды ағызып жіберді, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Следующая →
- Шанағатты ауылында 28 үй бар, 93 адам тұрады, ірі қара мал – 136, ұсақ мал – 372, жылқы – 153 бас, құс - 134, - деп хабарлады ШҚО ТЖД. - Қазір үйлерді су басу қаупі жоқ. Сыртқы ауа температурасы - 8 градус аяз.Зайсан ауданының Сарытұмсық ауылында полицейлер мен құтқарушылар бұлақ арнасын мұздан тазартып, 15 адам мен 1500-ге жуық жануар тұратын бес үйді су басудың алдын алды.
- Арнаның 350 метрін тазаладық: Ені - 70 сантиметр, тереңдігі - метр, - деп қосты мекемеде. - Су басу қаупі жоқ. Жағдайдың мониторингі жалғасуда.