ШҚО-да екі адамды қасқыр талады
30 қаңтарда Күршім ауданы Маралды ауылында екі адамды қасқыр талады. Түз тағысы ауыл тұрғыны мен оның 8-сыныпта оқитын ұлына дәл үйінің қасында тап берген
Абырой болғанда жыртқышпен арпалысып жатқан әйелі мен баласына отағасы көмекке келіп үлгерген. Өзіне қарсы шапқан қасқырды отағасы айырмен шаншып өлтірген. Зардап шеккен бала мен оның анасына дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, аудандық ауруханаға жеткізілген. Өлтірілген қасқыр ветеринарлық зертханаға жөнелтіліпті.
Әкімнің айтуынша, түз тағысы ауылға бұған дейін бірнеше рет шауыпты. Бірақ адамға шабуы бірінші рет екен.
Маралды – таудың етегінде орналасқан шағын елді мекен. «Осыдан бір апта бұрын тағы бір үйдің ауласына қасқырлар кірген» дейді жергілікті тұрғындар. Соңғы оқиғадан кейін оқушылар қараңғы түскенде жүрмесін деп мектептегі екінші ауысымды доғарып, бірінші ауысымға көшіру туралы шешім қабылданды. Қазір мектепте 90 бала бар. Осы оқиға орын алғанға дейін 32 оқушы екінші аусымда оқып келген.
Следующая →
- Аулаға қасқыр түскендігін көршіміз хабарласып айтты. Малды қыста қораға қамаймыз, кейде сыртқы қоршауда жата беретін. Соны сезіп жеткен болуы керек. Содан не болып жатқанын көрейік деп жолдасымды оятып, екеуіміз сыртқа шықтық. Қора жақта шам жағып, әлдекімдер жүр екен. Жақындап едік, көршілеріміз. Негізі маған «шық» деген ешкім жоқ, бірақ істің реті солай болған сияқты. Бірнеше адам жиналып қансырап қалған тайыншаны қораға қамағанымыз сол еді, ұлым да жүгіріп жетті. Содан біз залдың терезесі тұсынан өте бергенімізде бірнеше қадам жерде ит жатқандай болды. Қолымызда жөні түзу таяқ та жоқ, қолыма шамды (фонарик) ұстап жүре бердік. Сөйткенше болмады, азуы ырсиған қасқыр атылып кеп секіргенде сол қолымды көтеріп үлгердім, - деді ажалдан аман қалған Маралды ауылының тұрғыны.Анасына көмекке ұмтылған ұлы да қасқырды өзінше соққылап қумаққа әрекеттеніпті. Осы кезде жыртқыш хайуан жасөсіпірімнің өзіне шауып, санын қапқан. Осы уақытта ауыл тұрғындарымен бірге қасқырды іздеп жүрген отағасы да дереу жеткен. Қолына айыр алып, қасқырды шаншып өлтірген.
Әкімнің айтуынша, түз тағысы ауылға бұған дейін бірнеше рет шауыпты. Бірақ адамға шабуы бірінші рет екен.
- Ауылымыз таудың етегінде орналасқандықтан қасқыр жиі шабады. Түз тағысы ауылға бұған дейін бірнеше рет шапты. Тұрғындардың өрістегі малдарына шапты. Бірақ адамға шабуы бірінші рет тіркеліп отыр. Қазір ауылда мылтығы бар 3-4 кісіде ғана қасқыр атуға рұқсат қағазы бар. Десе де, өңіріміз таулы аймақта болғандықтан қасқырды қуалап жүріп ату мүмкін емес. Тіпті аттың өзі әрең жүреді. Оның үстіне қазір қасқырлар бұйығып жатқандықтан кәрі қасқырларды үйірден шығарып тастайды. Үйірінен бөлінген қасқыр ақыры елді мекенге түскен. Қазір қасқыр сараптама орталығына жіберілді, - дейді Маралды ауылдық округінің әкімі Фархат Ожикенов.Дәрігерлердің сөзінше, қазір анасы мен баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Олар тек облыс орталығындағы ветеринарлық зертханаға жіберілген қасқырдан құтырық ауруы шықпаса екен деп отыр.
Маралды – таудың етегінде орналасқан шағын елді мекен. «Осыдан бір апта бұрын тағы бір үйдің ауласына қасқырлар кірген» дейді жергілікті тұрғындар. Соңғы оқиғадан кейін оқушылар қараңғы түскенде жүрмесін деп мектептегі екінші ауысымды доғарып, бірінші ауысымға көшіру туралы шешім қабылданды. Қазір мектепте 90 бала бар. Осы оқиға орын алғанға дейін 32 оқушы екінші аусымда оқып келген.
Тақырыптар:
Дәрігерлер Күршім ауданы Маралды ауылында қасқыр