Өскемен
ясно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +16°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Алена Светлова
Алена Светлова
Ақпарат көзі:
Устинка

Жақында Бұқтырма су қоймасы үстінен өтетін көпір құрылысы басталады

Жұмыстар нақты қашан басталатыны белгісіз. Алайда ШҚО әкімінің айтуынша, бұл үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлініп қойған

Облыс әкімі ZOOM платформасында Күршім ауданы әкімінің есеп беру кездесуіне қатысқан. Кездесу барысында тұрғындар өңірдің шекара маңында орналасқан аумақтарды дамытуға бағытталған кешенді жоспары аясында ауданда атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Сондай-ақ, биыл шешілуі тиіс бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Мәселен, Ұрынхай ауылында мектеп салу. 

- Бұл ретте айта кетейін, былтыр жобалық-сметалық құжаттама әзірленген, осы айда сараптамадан шығады. Аудандағы бірнеше елді мекендердегі интернет байланысының сапасы да өзектілігін жоғалтқан жоқ. Тұрғындар Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір мәселесін де назардан тыс қалдырмады. Осыған байланысты өткен жылы байқау өтіп, мердігер компания анықталғанын атап өткім келеді. Биыл біз облыстық бюджеттен 1 млрд. теңге бөлдік, жақын арада мердігерлер жұмысқа кіріседі, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Күршім ауданы облыстың әлеуметтік маңызы зор аудандарының бірі. Мұнда былтыр үлкен жұмыс атқарылды. Шалғайдағы ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға ерекше назар аударылды. 6,8 млрд теңге инвестиция тартылды. Өңірдің шекара маңындағы аумақтарды дамыту кешенді жоспары аясында Қалжыр және Боран ауылдарында су құбыры желілерінің құрылысы аяқталды. Алты ауылда су тазарту үшін блокты-модульді станциялар орнатылды, Марқакөл ауылында су құбыры желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді. 39 шақырым ауыларалық автомобиль жолдары жөнделді. Күршім жабық бассейнінің құрылысы аяқталып, Қалжыр ауылында спорт модулінің құрылысы басталды.
Следующая →