ШҚО тұрғынынан үш баласын алып алды
Ювеналдық полиция тұрмыстық жағдайы нашар жас келіншектің үш баласын алуға тура келді
2020 жылдың желтоқсанында Бесқарағай аудандық ПБ ЖПҚювеналды полиция қызметкерлері 2, 6 және 8 жастағы үш қызы бар 33 жастағы келіншектің үйіне барып, хал-жағдайымен танысқан болатын.
ШҚО ПД баспасөз қызметі мәлімдегендей, үйдің іші суық, азық-түлік те жоқ, үй іші шашылып жатқан көрінеді. Бір сөзбен айтқанда, балаларға ешқандай жағдай жасалмаған.
Қазіргі уақытта балалардың анасына қатысты тиісті құжаттар жинастырылып, ата-аналық құқығынан айыру үшін сотқа жөнелтілген.
Следующая →
ШҚО ПД баспасөз қызметі мәлімдегендей, үйдің іші суық, азық-түлік те жоқ, үй іші шашылып жатқан көрінеді. Бір сөзбен айтқанда, балаларға ешқандай жағдай жасалмаған.
- Көршілерінің сөзіне сүйенсек, келіншектің өзі азаматтық некедегі күйеуі өмірден озған соң жиі алкогольдік ішімдік тұтынып жүрген көрінеді. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға бұл үйде тұру қауіпті болғандықтан ювеналды полиция қызметкерлері қамқорлық бөлімімен бірлесе отырып балаларды бұл үйден алып кету туралы шешімге келген. Екі қыз Семей қаласындағы Кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына, ал кенже қыз Семей қаласындағы бөбектер үйіне жіберілді. Қазір балалардың жағдайы жақсы, дәрігерлер тексеруінен өтті, - дейді Бесқарағай аудандық полиция бөлімінің басшысы Талғат Темірбеков.
Қазіргі уақытта балалардың анасына қатысты тиісті құжаттар жинастырылып, ата-аналық құқығынан айыру үшін сотқа жөнелтілген.