Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Аян Қалымбек
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да ғаламтор алаяқтарын құрықтау қиын болып тұр

Соңғы жылдары ғаламтордың мүмкіншіліктері оң жамбастарынан кеп жүрген пысықтар әбден аңғал адамдарды алдап әуестеніп кеткен. Халықты қақпанға түсірер айла-тәсілдері де таусылар емес, күнде түрлі оқиғаларды естіп жатамыз

Қазір карантиндік шектеулерге байланысты тұтынушылар көбінесе онлайн сауда-саттыққа үйреніп қалды. Бір жағынан ыңғайлы, бір жағынан денсаулыққа қауіпсіз. Бірақ осы ұрымтал сәтте хакерлердің де "қолы жүріп тұрған сыңайлы". Өйткені өткен жылдың өзінде Өскемен қаласында дәл осы ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жасалатын қылмыс саны 2019 жылмен салыстырғанда 316 фактіге артық тіркеліпті. 

 Өзімді "алаяқсың" деп айыптады



- Ноутбугімді OLX.kz сайты арқылы сатылымға қойған болатынмын, - дейді алаяқтардың арбауына түсіп қала жаздаған қала тұрғыны Бек Арнұр. - Жарты сағаттан кейін біреу хабарласып, қызығушылық танытты. Ноутбукке қатысты бірнеше сұрақ қойды да "алатын болдым, ақшаңды есепшотыңа лақтырамын" деді. Біраздан кейін қайта қоңырау шалып, "OLX.kz-тегі есепшотыңа аударып қойдым" деді. Мен ұқпай ақ-таң, "сайтта өз есепшотың болады, қазір сілтемесін жіберемін, соны ашып қара" деді сатып алушы. Сілтеме арқылы өттім, ноутбукті бағалаған 40 000 теңге көрсетіліп, банк картасының нөмірін енгізу керек деп тұр. Артынша әлгі сатып алушы қайта хабарласып "сенің банк картаңа ақша аудару үшін бұғатты ашуың керек" деді. Сол кезде kaspi gold арқылы аудара салуын өтініп едім, Ресейден жақында келгенін, қазақстандық карта өзінде жоқ екенін және gold-қа аударса комиссиялық ақы 20 000 теңгедей ұсталынатынын айтты. Бас қатырарлық сөзі көп болған соң күмән туды. Олай болса, саған сайтпаймын деп едім, "сен алаяқсың, жаңа мені алдамақ болдың" деп өзіме жала жапты. Ақыры полиция бөлімшесіне арыз қалдыруыма тура келді. Бірақ әлі күнге дейін алаяқтың кім екені анықталған жоқ.
Дәл осындай оқиғалардың түр-түрін естіп жатырмыз бүгінде.
- Осыдан біраз уақыт бұрын пәтерімді сатуға қойғанмын. Көруге бір әйел келді. Қарап шыққан соң "Маған ұнады. Үйіңізді суретке түсіріп алайыншы. Әке-шешем ауылда еді, соларға көрсетемін. Анам рұқсат берсе, несие рәсімдеймін де пәтерді аламын" деді. Ойымда ештеңе жоқ, түсіре бер дей салдым, мәз болып, қуанып кеткен. Арада бірталай уақыт өтті. Әлгі әйел ізім-ғайып жоқ болды. Содан бір күні делдалдықпен айналысатын бір компаниядан қоңырау шалды. Менің сатып жатқанымды нақтылап сұрап алды да, "сіз білесіз бе, сіздің пәтеріңізді қосымша тағы бір кісі сатылымға шығарып отыр" деді. Сөйтсем, менің үйімді келіп көріп, суретке түсіріп алған адам: "Ол пәтердің мәселесі көп. Банкте кепілдікте тұр. Оны алған адамдар несиесін төлей алмай қалған. Сіз маған ақшасын берсеңіз, 60 күннің ішінде кепілдіктен шығарып беремін" деп жарнама жасап, желілерге жариялапты. Содан не керек, мен өзімнің жарнамамды қайтадан өзгертіп жаздым: "мен ешқандай риэлторға үйімді сат дегенім жоқ. Егер басқа бір жерден менің үйімнің хабарландыруын көрсеңіз, алданып қалмаңыз, үйді тек мен ғана сатамын" деп. Міне, осыдан кейін барып қана тынышталды. Себебі алаяқтар менің бәрін анықтап қойғанымды білді, - деді қала тұрғындарының бірі Тамара Мұзарапқызы (аты-жөні өзгертілген).
Ел болғасын алуан түрлі қоғам болады, қоғам болғасын алуан түрлі адам болады. Біреуді біреу алдау, арбау, ұрлау, тонау, жымқыру, тақырға отырғызу, сан соқтыру - баяғы заманнан бері қалыптасқан өмір сүрудің заңға қайшы дағдысы. Тек әр кезеңде оның формасы өзгеріп отырған.

Жаһандану дәуірі басталғалы дамыған озық технологияның көптеген мүмкіншілігін көріп отырмыз. Алайда таяқтың екі ұшы бар екенін ешқашан естен шығармауымыз қажет. Сандық жүйенің, қолжетімді ақпараттың, интернеттің пайдасы қаншалықты көп болса, соған пара-пар келтірер залалы, тарттырар зардабы да жетерлік.
Алаяқтар - бұрын автобустарда, базарларда, халық шоғырланған қоғамдық орындарда жүруші еді. Тиісті органдар қажетті шараларды қолданып, әрекет жасағаннан кейін ұсақ қылмыс саябырсығандай болған. Әй, бірақ, қылмыстың үлкен-кішісі болушы ма еді?! Заң бұзғаннан кейін бәрі қылмысқа саналады. Соңғы жылдары аңқау жұрттың ақшасын ғаламтор желісі арқылы көпе-көрінеу сыпырып әкететін қулар пайда болды. Қазіргі тілмен айтқанда, кәдімгі хакерлер. Не нәрсенің байыбына бармай жатып айтылған ақпаратқа илана салатын сенгіш болсаңыз, ұялы телефонмен өзге қалада отырып-ақ есепшотыңыздағы қаражатыңызды түк қалдырмай сыпырып алады.

Алаяқтарды ауыздықтау - халықтың өз қолында



Өскемен қалалық полиция басқармасы мұндай жағдайдың ушығып, алдын алу мүмкін болмай жатқанын айтып дабыл қағуда. Тәртіп сақшыларының айтуын-
ша, барлығы халықтың өз қолында. Жалпақ жұрт оқыған, естіген, көрген ақпаратының рас-өтірігіне көз жеткізсе, ахуал бүгінгідей асқынбас еді.
- Өткен 2020 жылы Өскемен қаласы бойынша ақпараттандыру және байланыс саласында, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдаланып жасалған 814 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. Көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 316 қылмысқа артқан. Тіркелген қылмыстарды аумақтық полиция бөлімшелеріне бөлгенде: "Үлбі" полиция бөлімшесінде - 404 қылмыс, "Ертіс" бөлімшесінде - 272, "Солжағалау" полиция бөлімшесінде - 148 заңбұзушылық тіркелген. Тіркеуге алынған құқықбұзушылықтар келесі ғаламтор қосымшалары арқылы жүзеге асқан: OLX (200), Колеса (204), онлайн несие (127), инстаграм (201), әлеуметтік жүйеде (39), банк қызметкері ретінде (53), - дейді Өскемен қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция майоры Айзат Рыспаева.

Бір адам емес, ұйымдасқан қылмыстық топ



Өскемен қаласының қылмыстық істерді қозғаушы, анықтаушы тәртіп сақшылары қолдарынан келгенше күресіп бағуда. Көше, аялдама, дүкендердегі радиолардан жарнама да беріп жатыр. Үйлер мен супермаркеттердің кіреберісіне жарнаманы іліп қойып та жатыр. Көлік жүргізушілері назар салсын деп жол жигегіндегі үлкен билбордтарға дейін жарнама ілген. Бірақ заңбұзушылық фактілері былтырға қарағанда көбеймесе, азаяр емес. Ғаламтор алаяқтары - бір сайтта немесе қосымшада, тар шеңберде емес. Олардың барлық жерге шырмауықтай тамыр жіберіп алғаны соншалық, отап тастау мүмкін болмай тұр. "Төрт аяғын бауыздауға бусаң да, жүнімді қырқады екен" деп бейқам жата беретін аңқылдақ, сенгіш жұрт өз еркімен, саналы түрде ақшасын алаяқтардың қалтасына салып беріп жатыр. Ол үшін ауылдың да, қаланың да тұрғындары заманауи технологияларды пайдалануда өте сауатты болғандары жөн. Алаяқтар барлық салада бар. Смартфоныңыздағы қандай да бір қосымша арқылы үй қараймын десеңіз де, көлік аламын десеңіз де, банк көмегіне жүгінемін десеңіз де алдап соғатындар жетіп жатыр. Өйткені артында кім тұрғаны, не тұрғаны белгісіз хакерлер жалғыз-жарым жұмыс істемейді, ұйымдасқан түрде бірігіп әрекет етеді. Сондықтан өзіміз де абайлап, жақындарымызды да сақтандырып жүрейік.


Алаяқтықтың жиі кездесетін түрлері:
  • қандай да бір сайт арқылы "қаражатыңызды арттырыңыз" деген алаяқтар қоңырау шалған адамның барлық деректерін алған соң шоттағы ақшасын шешіп алады немесе өз есепшотына аударып алады;
  • қолданыста кеңінен танымал "Колеса", "Крыша.кз", "OLX" және тағы сол сияқты жарнама сайттарына тіркеліп, арзан тауарнемесе мүлік сату туралы хабарлама жариялап, табылған клиенттен алдын ала төлем жасауды сұрайды. Төлем жасалғаннан кейін ақша аударылған шоттардан қалған ақшаны шешіп алып, хабарласқан телефон нөмірлерін өшіріп тастайды;
  • қазіргі кезде банк карталары барлық смартфондарға тіркелген, байланған. Банк жүйесінде қандай да бір операция орындаған кезде телефонға бір рет қолданатын құпия сандар келеді. Тұрғындар осы пин-кодтарды алаяқтарға хабарлап айтып, өздерінің есепшоттарын емін-еркін басқаруға мүмкіндік беріп қояды;
  • елімізде қаржы пирамидасы да қарқынды түрде дамып, етек жайған. Қаржы пирамидасы үлкен бір алпауыт компанияның бастамасымен құрылады. Адамдар қолдарында бар ақшаларын көбейту, табыс табу мақсатында осындай ұйымдарда, маркетинг желілеріне кіреді, бастапқыда алғаш болып тіркелген кісілерге төлеп кірген қаржылары тіпті қайта қайтарылады да. Елдің соңын ала қосылған адамдар ақшаларын екі еселеуін қойып, салған салымдарын қайтара алмай жүреді.

Следующая →