Шемонаиха ауданына ауызсу тартылды
Шемонаиха ауданы Красная Шемонаиха ауылында ауызсу құбырлары жаңартылды. Бұған дейін аталған ауыл тұрғындары ауылдағы ауызсу мәселесін бірнеше мәрте көтерген болатын
Облыс әкімдігінің мәліметінше, 2014 жылы жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптама жұмыстары жүргізіліпті.
Следующая →
- Ескі су құбырының 90 пайызы тозған. Конкурс рәсімдері жүргізілгеннен кейін 2017 жылы көктемде "Өскемен Құрылыс" ЖШС кәсіпорны кірісті. Шарттың жалпы сомасы 260,310 млн теңгені құрады. Өкінішке орай, аталған мердігер жұмысын толық аяқтаған жоқ. Жаңа су құбырының желілері монтаждалса да, бұл конструкция бойынша су шықпады. Мердігер ұйым 2014 жылы жасалған жобалық сызба бойынша құрылысты аяқтаудан бас тартты. Ал ереже бойынша жобаның мерзімі - үш жыл. Уақыттың өтуіне байланысты жобаны қайтадан қарастырып, осы жылмен салыстырып, қосымша қаражат қарастыру қажет. Бірақ қайтадан есептеу жұмыстары жүргізілмей құрылыс тоқтап қалды. "Өскемен Құрылыс" ЖШС құрылысты жүргізу үшін бөлінген қаражаттың көп бөлігі - 191,852 млн теңге (73,7 %) игерілді, игерілмегені - 68,458 млн теңге республикалық бюджетке қайтарылды, - деп мәлімдеді облыс әкімдігі.Осылайша жаңа су құбырынының құрылысын аяқтап, қолданысқа беру мүмкіндігі пайда болды.
- Аудандық бюджеттің есебінен жобаның есептелмеген тұстары анықталып, құрылысты аяқтау үшін қосымша - 91,153 млн теңге бөлінді. Конкурс рәсімдері өткеннен кейін "ВостокМонтажИнжиниринг" ЖШС мердігер ұйымымен шартқа қол қойылды. 2020 жылдың соңында құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталып, бөлінген қаражат толық игерілді. "Шемонаиха су арнасы" ЖШС балансына беріліп, қолданысқа енгізілді. Ауыл тұрғындары таза ауыз суға қол жеткізді, - деп мәлімдеді әкімдік тегілер.Айта кетейік, Алтай ауданында да ауылдарды ауызсумен жабдықтау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
- Феклистовка ауылының тұрғындары 30 жылдан астам уақыт ауыз су мәселесін айтып келді. Бұған дейін ауыл тұрғындары бұлақтар мен құдықтардың суын пайдаланған. 2018 жылы сумен жабдықтау желілерін қайта құруға 211,63 млн теңге бөлініп, жобалықсметалық құжаттама әзірленді. Сөйтіп, 2020 жылы ауыл тұрғындарының көптен күткен мәселелері шешілді. Маусым айынан бастап "KazConstruction" ЖШС мердігерлік ұйымы жобаны іске асыруға кірісті, - деп мәлімдеді облыс әкімдігі.Мердігер міндетін дәл мезгілінде аяқтап, тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз етті.
- Тұрғындар енді суды құдықтар мен бұлақтардан тасымайтын болды. Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы едәуір артты. Өйткені әр үйге орталықтандырылған су құбыры жеткізілді. Аудан бойынша 79 темір бетон құдықтары мен ілмекті арматура орнатылып, 2 сорғы станция салынды. Сонымен қоса, 1 таза су және 2 өрт сөндіру су қоймасы салынды. 36 электр желісін тарату тірегі қойылды, - деп мәлімдеді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Тақырыптар:
Алтай ауданында ауызсумен қамтамасыз