Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Мира Зеленская
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО аудандарының бірінде ХҚКО ыңғайлы ғимаратқа көшті

Кеше Үржар ауданының тұрғындары жаңа Халыққа қызмет көрсету орталығынан қажетті құжаттарды рәсімдеп, мемлекеттік қызметтерді ала алды

Енді ХҚКО Үржар ауылындағы Қ. Игембаев көшесі, 65 мекенжайы бойынша орналасқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Бұған дейін Мемлекеттік қызметтер Абылайхан даңғылы, 45б мекенжайы бойынша көрсетілетін.
- Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратты ауыстырды, - деп түсіндірді"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиалының директоры Азамат Есембулов. - Тұрғындарға қолайлы болуы үшін ғимарат Үржар орталығында орналасқан. Сондай-ақ, ХҚКО-да мүмкіндігі шектеулі қызмет алушылар үшін барлық жағдай жасалған.
Сонымен қатар, құжаттарды қабылдау үшін жұмыс терезелерінің саны артты.

Сондай-ақ, Азаматтарға арналған үкіметте облыс бойынша барлық ХҚКО-лар штаттық режимде жұмыс істейтінін еске салады. Коронавирус пандемиясы жағдайында қосымша қорғау шаралары қабылданды: санитайзерлер орнатылды, белгілер қойылды және т.б. ХҚКО жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліссіз. Сенбі күні - 9.00-ден 13.00-ге дейін.
Следующая →