ШҚО-да жолды қар басып қалғандықтан дәрігерлер науқасқа жете алмаған
Оқиға 11 қаңтар күні орын алған. 19.00 шамасында 103 арнасына Уба-Форпост ауылынан 17 жастағы қыздың хәлі нашар деген хабар түскен
Семей қалалық жедел медициналық көмек станциясы ұсынған ақпарат бойынша, жедел жәрдем бригадасы жолға шыққанымен науқасқа жету қиынға соққан. Жолды қалың қар басып қалған екен.
Бірақ Уба-Форпост ауылының тұрғыны Любовь Мынбаева ауылдықтар мен техниканы көмекке шақыртып, жолды аштырған. Осылайша жедел жәрдем науқасқа жеткен. Дәрігерлер тұрғындарға алғыс білдірді.
Следующая →
Бірақ Уба-Форпост ауылының тұрғыны Любовь Мынбаева ауылдықтар мен техниканы көмекке шақыртып, жолды аштырған. Осылайша жедел жәрдем науқасқа жеткен. Дәрігерлер тұрғындарға алғыс білдірді.