Өскемендегі Нұрлыкөш ауылының тұрғындары неге наразы?
Нұрлыкөштің халқына автобус, жолдарына жөндеу, көшелеріне жарық керек
Өскемен қаласына қарасты Нұрлыкөш ауылында халық пен жергілікті билік өкілдерінің жиналысы өтті. Көпшіліктің өкпе-ренішін, өтініш-тілегін, мұң-зарын арқалап келген он шақты ауыл тұрғыны мен Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Мұқашұлының коммуналдық-шаруашылық мәселелер бойынша жаңа орынбасары Денис Федченко, Өскемен қалалық жолаушылар тасымалы басқармасы орталығының басшысы Әби Әлмембетов және қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Жапаров ауылдық мектеп ғимаратында кездесті.
Қылышын қайрап жеткен қақаған қаңтар табалдырықтан аттай сала халықты әуре-сарсаңға салып қойды. Көліктер оталмай, автобус-тар бұзылды да қалды. Онсыз да толық жетіспейтін қоғамдық көліктер тіпті сирек қатынап, жаяу жұрттың сорына айналды. Нұрлыкөшке апаратын жалғыз-ақ 256-шы шағын автобус аяз қысқалы уақтылы жүруін де доғарған. Ал 5, 6 қаңтар күндері қатты суықтың салдарынан мүлдем жұмысқа шықпаған көрінеді. Тұрғындар соған наразы.
2019 жылдан бері Өскеменге 85 жаңа автобус келеді деген әңгіме айтылған. Алайда қоғамдық көліктердің қызметі өскемендіктердің көңілін толтырар емес. Бір ғана 256 мен 71 емес, қала ішінде жүретін автобустардың жағдайы да оңып тұрған жоқ.
Қалаға тиіп тұрған ауыл жұртының жанайқайы осындай. Әкім орынбасары уәде еткендей, ай сайын тұрғындардың өтініш-талабына құлақ асып тұрса, билік өкілдері мен қарапайым халық арасында дау-дамай енді туындамас деп сенеміз.
Следующая →

- №256 автобус бір рет болсын кестедегі уақыты бойынша жүрген емес. Сіздің құзіретіңізде болса, жауап беріңізші, алдыңгүні, кеше, бүгін автобустар жүрді ме? Бізге алдағы уақытта, көктем-жазда емес, бүгін-ертең жүргені керек. Ол шағын көлік 12 адамдық, оған топырлап 30 адам тиелеміз. Сіз оның көлемін көріңіз, түрегеп тұруға лайықты ма екен. Тіпті ұстап тұратын темірі де жоқ. Жігіт болған соң үлкендерге орын беріп, өзім қолымды жерге тіреп келемін, - дейді Тілеужан есімді тұрғындардың бірі өкілетті басшыға қарата.Өскемен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Жапаровтың айтуынша, ақша бөлінген, қаңтар айы бойы осы бағытта жұмыс істейтін болады.
- Сіздер біздің орнымызда 256 мен 71-ді тосып көріңіздер. Таңертең 6.10-да жүреді дедіңіз бе? Егер сол уақытта келмесе, орталыққа үш автобус ауыстырып баратындар жұмыстарына үлгермейді, - дейді егде тартқан ер адам.Басқарма өкілі енді бұл бағытта бір емес, бақандай төрт автобус қатынайтындығын айтып сендірді.
- Бұған дейін күніне бір ғана автобус жүрсе, ертеңнен бас-тап төрт 256 қатынайтын болады. Оған уәде беремін. Демек, жолаушылар қоғамдық көлікті кем дегенде 30 минут қана күтетін болады, - деп сендірді басқармадан келген ресми өкіл.Ауылдың ахуалымен танысуға келген Өскемен әкімінің "су жаңа" орынбасары Денис Федченкоға мемлекеттік тілде сөйлемегені үшін, тіпті тұрғындардың тілін түсінбегені үшін жиналғандардың бәрі ашуланды. Басқа басқарма басшылары карантин ереже-леріне байланысты бетперде режимін сақтағанымен бұл тәртіптің Денис Викторовичке қатысы жоқ тәрізді. Тілшілер ұялы телефондарын шығарып, суретке түсіре бастағанда ғана бетпердесін тақты. Ол ол ма, Нұрлыкөш халқы түйткілді түйіннің шешім таппағанын, жиналыстың актісі де толтырылмағанын, "шағым түсті" деп ешбір құжатқа қол қойғызбағанын айтты. Қала әкімінің орынбасары болса, қоластындағыларға автобусты "час-пик" кезінде жиілетуді тапсырды. Ауыл тұрғындарына айына кем дегенде бір мәрте келіп, арыз-шағымдарын тыңдап тұруға уәде етті. Алайда жуық арада автобус маршруттарының санын көбейтіп немесе үлкен автобустар жүргізіп бере алмайтынын, ол үшін қаражат және уақыт керектігін түсіндірді.
2019 жылдан бері Өскеменге 85 жаңа автобус келеді деген әңгіме айтылған. Алайда қоғамдық көліктердің қызметі өскемендіктердің көңілін толтырар емес. Бір ғана 256 мен 71 емес, қала ішінде жүретін автобустардың жағдайы да оңып тұрған жоқ.
- №10, №17, №42, №46, №55 бағдарларын сақылдаған сары аязда ашық аялдамада сағаттап күтеміз. Таңертең кестедегі уақытымен де шықпайды. "Воска" ЖШС тасымалдаушы компанияның диспетчерінің үш бірдей нөміріне қоңырау соқсақ та көтермейді. Заңды белшеден басып, ойларына келгендерін істейтін болған ба? - деп Кішітау (ЖМК), Ахмер, Меновное аудандарында тұратындар ашынатынын сіз де, біз де көріп-біліп жүрміз.Қоғамдық көліктен өзге, Нұрлыкөш тұрғындары ауылдың барлық көшелеріне жарық тартып беруді сұрайды. Әйтпесе, қас қарайғаннан бастап кейбір көшелер тас қараңғы кейіпке енеді. Жолдардың жөнделуі өз алдына жеке мәселе. Қар еріп, көктем келісімен ауыл арасындағы жолдар кішігірім өзенге айналады.
Қалаға тиіп тұрған ауыл жұртының жанайқайы осындай. Әкім орынбасары уәде еткендей, ай сайын тұрғындардың өтініш-талабына құлақ асып тұрса, билік өкілдері мен қарапайым халық арасында дау-дамай енді туындамас деп сенеміз.
Тақырыптар:
жарық тартып беруді сұрайды