Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Семейде 96 жастағы ардагер жастарды сайлауға қатысуға шақырды

Бүгін елімізде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне және мәслихатына депутаттарды сайлау басталды

Сайлау учаскелері барлық санитарлық нормаларды, әлеуметтік ара қашықтықты сақтай отырып таңертеңгі сағат 07:00-ден бастап жұмыс істеуде. Сайлау учаскесіне кіреберісте әр сайлаушының температурасы тексерілуде.

Семейде 149 сайлау учаскесі бар, олардың 19 жабық учаске, 22 сайлау учаскесі ауылдық округтерде орналасқан. Таңертеңнен бастап сайлаушылар белсенділік танытуда. Барлық жастағы семейліктер өздері таңдаған партияларына дауыс беруде. Біреулер алдын ала белгіленген сайлау учаскелеріне таңертең ерте келсе, сайлау учаскелеріне өздігінен келе алмайтын, жүре алмайтын тұлғаларға бюллетеньдер үйлеріне таратылуда. 96 жастағы Григорий Маларов ұзақ жылдар бойы белсенді сайлаушылардың бірі. Ардагер, ел болашағының негізі Отанның болашығы үшін жауап беретін қазіргі жастардың ұғынуы мен белсенділігі деп есептейді.  

- Мен 96 жастамын. Мен әрқашан қала өміріне белсенді араластым. Мен, ең алдымен жас ұрпақ өкілдері дауыс беруге барулары керек деп есептеймін. Бұл олардың өмірі.  Жастар әлі күнге дейін біздің еліміздің және біздің болашағымыздың  негізі соларға байланысты екенін түсінбейді. Біздің халқымыз болашақта бүгінгіден де жақсы өмір сүрсін. Біз, әрине, бүгінде жаман тұрмаймыз, бірақта бұданда жақсы өмір сүргіміз келеді. Сондықтан, жастар осы процеске араласып, өз мақсаттары мен міндеттеріне жетулері керек. Жастар – біздің болашағымыз. Көшедегі аязға қарамай бюллетеньдерді үйлерге таситындарға рахмет айтамын. Мен оларға сайлауға қатысу мүмкіндігі үшін алғысымды білдіремін, – дейді Григорий Васильевич.

Следующая →
Тақырыптар: Семей Сайлау 2021 жыл