Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-дағы әжелер тұрақтылықты таңдады

Курчатов қаласындағы ақ жаулықты әжелер сайлауға барып, өз таңдауын жасады

Ғасырлар бойы таңдаулы жолын тапқан халықтың болашақ ұрпаққа үлгі боларлық тәмсілі мен танымы қалыптасқан. Сондықтан да бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеген аналар баласын тағдырдың таңдаулы жолына бағыттай білген. Қашанда ұрпағы мен ұлтының қамын ойлайтын аналар елдің мүдделі істеріне мүмкіндігінше атсалысып келеді. Бұл жолы да еліміздің әлем алдындағы баянды болашағын ойлаған курчатовтық әжелер көпшілікпен бірге сайлауға келді.

- Кейінгі жылдары елімізде ана мен баланы қорғайтын заңдар Парламент қабырғасында қолдау тапқанын білеміз. Қастерлі "Ана" атына дақ түсірмей, ақ жаулығының қасиетін сезінген аналарымыз бүгінде тұтас қоғамды тәрбиелеп, ұлттың ұйысуына, мемлекеттің кемелденуіне өз үлестерін қосып келеді. Бұл жолғы саяси науқанда да сол аналарымыз биіктен көріне білді. Олар елдегі індетке қарамастан, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділік танытып, жастарға үлгі көрсетті, - дейді Курчатов қаласының "Атамұра" қазақ мәдени орталығының "Асыл әжелер" ансамблінің өкілдері.

Ақ жаулықты аналарымыз №293 сайлау учаскісінде өз таңдауларын жасады.

Аязға қарамастан сайлауға ұлттық киіммен келген әжелер осы арқылы халқымыздың асыл мұрасын насихаттап, кейінгі буынға өнеге ететіндіктерін айтты.  

Сонымен әжелер кімді таңдады? Әрине, әр кез жақсылықтың жаршысы, отбасының берекесі бола білген әжелеріміз тұрақтылық пен бейбітшілікке дауыс бергені, ақиқат!
Следующая →