Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Аян Қалымбек
Ақпарат көзі:
Устинка

Комадан шыққан 5 жасар балаға көмек керек

Тарбағатайлық Асанәлінің анасы халықтан жәрдем сұрайды

"Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған". Иә, қай ата-ана болса да перзентінің маңдайында бақ жұлдызының жарқырап тұрғанын қалайды. Алайда тағдыр деген тауқымет ұлт пен жынысқа қарамай, жас пен кәріні таңдамай пендені қатты сынайтынын білеміз.

Тарбағатай ауданы Жамбыл ауылында тұратын Арайгүл Елдосқызының басына да күтпеген жерден қайғының қара бұлты үйіріле қалды. 5 жасқа дейін балабақшаға өз аяғымен барып, шапқылап ойнап, ән айтып, би билеп жүрген кішкентай Асанәлі 2019 жылдың 28 қарашасында "пневмония" деген сырқатпен Тарбағатай аудандық орталық ауруханасына жатқызылады. Ол жерде 5 күн жатып емделгенде, ойын бөлмесінде құлдыраңдаған тайдай жүгіріп жүрген бала бесінші күні аяқ астынан комаға түсіп қалады. Анасы оның себебін қазбалап сұрамаған, дәрігерлер "ыстығы көтеріліп түспей қойғандықтан" деп қысқа қайырған көрінеді. Желтоқсан айының 2-сі күні комаға түскен Асанәліні 5 желтоқсанда қалаға алып келеді. Өскемендегі "Ана мен бала" орталығында 1 ай комада, 1 ай ұзақ ұйқыдан оянған бірқалыпты күйде жатқан соң, барлық медициналық амал-шарасы таусылған дәрігерлер "енді тек үй жағдайындағы күтім қажет" деп 2020 жылдың ақпан айының ортасында анасымен бірге ауруханадан шығарып жіберіп, "вегетативті ахуал" деген диагноз қояды.
Вегетативті ахуал деге-німіз - созылмалы жағдай. Яғни, ондай кезде науқастың артериалды қан қысымы, тыныс алуы және жүрек қызметі белсенділігін сақтап, өз жұмысын атқара береді, бірақ когнитивті функция бұзылады. Мидың диэнцефалдық аймағы мен ми діңінің белсенділігін сақтай отырып, мидың жарты шарларының зақымдануы немесе дисфункция салдарынан психикалық белсенділіктің өздігінен төмендеуі. Вегетативті жағдай алты айдан астам уақытқа созылса, адамның ой-санасының ішінара қалыпқа келуіне мүмкіндік бар.
- Ауруханадан қалай шықтық, содан бері Өскемендемін. Үлкен ұлым апасының қолында. Өзім Асанәлі мен 2 жасар кішкентай қызымды бағып, қалада отырмын. Отағасы ауылда, мектептегі жұмысында. Сау балама да қараймын, ауру балама да қараймын, халықтан көмек сұрап, жазбалар салып, әлеуметтік желілерге жариялаумен де өзім айналысамын, - дейді Арайгүл Елдосқызы.

"Еліміздегі емханалар ат-тондарын ала қашады"



Өлім мен өмірдің арпалысында күресіп жатқан бес жасар балақайдың шешесінің сөзіне сүйенсек, Тарбағатайлық дәрігерлердің тәжірибесінде дәл мұнай 
диагнозбен бұрын-соңды ешкім кездеспеген екен. Асанәлі - аудан көлемінде созылмалы вегетативті жүйке ауруына шалдыққан бірінші бала. Сол себепті дертінің дауасын дөп басып айтқан ешкім табылмаған көрінеді. Әуел баста телефонмен сөйлескенде емдеуге келісіп, өздеріне шақырған емханалар мен дәрігерлер қойылған диагноз бен науқастың жасы бесте екенін ести сала бастапқы ойларынан айнып қала береді екен.
- Ұлым вегетативті хәлде және жасы өте кіші болғандықтан көптеген емханалар мен ауруханалар қабылдаудан бас тартты. Астанадағы бір туысымыз елордадан клиникалар тауып, келісіп қойған болатын. Бірақ мән-жайды түсіндіріп, диагнозды айтсақ болды "жоқ емдей алмаймыз" деп ат-тондарын ала қашады. Астана, Ақсай, Алматы қалаларына байланысқа шығып көрдім, еш нәтиже жоқ. Қазақстанда баламды емдей алмайтыныма көзім түбегейлі жеткен соң, балалары осындай аурумен ауырып жатқан аналарды іздеп тауып, сөйлестім, кеңестім. Олар да Қазақстандағы медицинаның дәрмені жетпегендіктен шетелдерге апарып емдетуге мәжбүр болған. Бір жылдан бері вегетативті хәлде жатқан Айсұлтан деген баланың анасы халықтың қолдауымен қаражат жинап, осымен екінші рет Германияға ем қабылдауға кетіп бара жатқандықтарын айтты. Ал 20 жасында комаға түскен қыздың анасы отандық ауруханалардың табалдырығын тоздырамын деп бақандай алты жылын жоғалтып алғанын айтып өкінді. Енді, міне, қызымен бірге Түркияға ұшу үшін ол да қайырымды жандар арқылы қор жинап жатыр. Украинаның Одесса қаласындағы бір әке 2015 жылдан бері осы ауруға шалдыққан ұлын Испанияға апарып емдеткен. Реабилитациядан кейін баласы сөйлеп, беті бері қарағанын айтты. Қазір тұрғызу, жүргізу, өз еркімен отыру секілді тірек-қимыл жұмыстарымен айналысып жатыр. Израильдік дәрігерлер Асанәлі әлі кішкентай болғандықтан аяққа тұрып кетуіне, сауығып кетуіне мүмкіндік зор, үміт бар деп сендірді. Өзім де, медбикелер де байқап көріп жүр ғой: қазір баламда өзіне бағытталып айтылған сөздерге, айналадағы дыбыстарға реакция бар. Өзіне ұнамаған нәрселерді де білдіреді. Осы кісілермен әңгімелескеннен кейін "нар тәуекел" деп мен де Испания, Германия, Түркия елдеріндегі әлемдік емханаларға хабарластым. Испанияда ем-дом қабылдау құны өте қымбат болды. Бізден 43 миллион теңгедей қаражат сұрады. Түркияда емделу басқа елдерге қарағанда әлдеқайда арзан әрі Қазақстанға ең жақын ел болғандықтан соны таңдадық, - дейді Асанәлінің анасы.

 

"Еріктілер көмегіне жүгінген жоқпын"



Ең өкініштісі, республи-камыздағы отандық ауруханалар үміті үзілмеген ана мен болашаққа қол созған балақайды емдеуге, қарауға құлық танытпай, өтініштерінен бас тартқан. Анасының айтуынша, Асанәлі сурет салудан басқа, өлең оқып, билегенді де жаны сүйеді. "Өскенде полиция қызметкері боламын" деген сөзінің өзі алға қойған мақсаты айқын, арманы асқақ екенін танытып тұрғандай. Арайгүл Елдосқызы отағасымен бірге 2020 жылы желтоқсан айында Nur Otan партиясына, облыстық әкімдікке барып, қолдау сұрап өтініш жазған. Бірақ кейіпкеріміздің сөзінше, партия да, әкімшілік те құрғақ сөзбен шығарып салған. Содан бері жергілікті биліктен "тырс" еткен сыбыс жоқ.

"Облыстағы еріктілер ұйымы көмектесіп жатыр ма, жалпы сіздердің жағдайды біле ме?" деген сұрағыма Арайгүл ханым "ол туралы тіпті ойламаппын" деп жауап берді.
- Ермек Құрманғалитегі, Жандос Оразбайұлы, Сұңғат Демесінов сынды көптеген жанашыр азаматтар қолдарынан келгенше әлеуметтік желілерде ақпарат таратып, емге қажетті қаражатты жинауға атсалысып жатыр. Ал ресми тіркелген қайырымдылық қорларының, еріктілер ұйымының көмегіне жүгінбедім. Шынымды айтсам, жастардан құралған үлкен еріктілер ұйымының, волонтерлар лигасының бар екенін білмейді екенмін. Білсем де оны ойлауға мұрша болмады. Жақындарымызбен бірлесіп бірінші күннен бастап қаражат іздеудің қамына кірісіп кеттік, - деп ағынан жарылды.
Осыдан біраз уақыт бұрын Қазақстан ұлттық арнасында "Иман өзегі" деген бағдарламаны жүргізген журналист Аманбек Мағзұмхан есімді Түркиядағы қазақ жігіті globalmedicaltour компаниясында жұмыс істейді. Асанәлі мен оның анасы әуежайдан түскен бетте күтіп алып, қонақ үйге орналастырып, ем-домы біткенше басы-қасында жүріп, Қазақстанға шығарып салатын жауапты жанашыр - осы жас жігіт болмақ.
- Біздің компания 3 жылдан бері әлемнің 18 елінен келген науқастарды қабылдап, тиісті ем-шарасын қабылдауға ықпал жасап келеді. Науқастарға қалайша көмектесеміз? Мысал ретінде айтайын. Мемориалды клиника Асанәлінің емі үшін 19000 доллар сұраса, ем аяқталған соң біз аурухана басшылығына барып, оның "Глобалмедикал" компаниясы арқылы келгенін айтамыз. Сәйкесінше олар 1000-2000 доллар жеңілдік жасайды. Сол жеңілдік мөлшерінің жартысы компанияға тиесілі болады, жартысы өз қалтасында қалады. Біздің компанияның артықшылығы осы, - дейді компанияның маркетинг және менеджмент бөлімінің басшысы Аманбек Мағзұмхан.
Инстаграм әлеуметтік желісіндегі pomogite_asanali атты жеке парақшада Асанәлінің ауруханаға түскен күнінен бастап, дәрігердің мәлімдемесіне дейін барлық құжаттардың суреттері жарияланған. Түркия сапары мен тарбағатайлық балақайдың еміне жұмсалатын ақша туралы ақпарат та басты бетте көрсетілген. 4 желтоқсаннан бастап есепшотқа түсе бастаған қаражаттың бір тиынын да қалдырмай ашық жария етіп, күн сайын желіге банктегі соманың суретін салып есеп беріп отыратын да Арайгүл Елдосқызының өзі. Бүгінгі таңда 4 миллион 548 мың теңге жиналған. Ұшу билеті, барып-қайтар жол пұлы, жатын орны, тамағы секілді басқа шығындарды санамағанда емнің өзіне ғана 19 000 доллар кетеді екен. Тиісті ақшаның жартысы бір айдың ішінде ғана жиналып қойса,  екінші жартысы алдағы бір айда жиналып қалар деген үміттеміз. Бұл әлемде әлі де болса мейірімді жандардың бар екенін, көп екенін дәлелдеп, Асанәлі балақайдың тезірек сауығып кетуіне қол ұшын созайық!


Kaspi Gold нөмірі: 8-778-739-16-89;

Kaspi-терминал: ЖСН: 890 501 401 170;

Халық банк: 5354 5100 7026 6647;

Сбербанк: 4263 4333 0658 5545;

КZ34914СР39834752711;

QIWI-әмиян: 8-778-739-16-89.



Следующая →