Глубокое ауданында 300 орындық мәдениет үйі ашылды
Глубокое ауданында 300 орындық Абай атындағы Мәдениет үйі ашылды
Аталған аудан тұрғындары енді мерекелік концертті жаңа мәдени ошақта өткізбек. Мұнда тіпті үйірме сабақтарын өткізуге де жағдай жасалған.
Следующая →
- Глубокое кентінде Абай Құнанбайұлы атындағы Мәдениет үйінің ашылу салтанатына қатыстым. Осы сәтті жергілікті тұрғындар, әсіресе аудан орталығының жастары жылдар бойы күтті. Сыйымдылығы 300 орындық көрермен залы, үлкен сахнасы, сондай-ақ үйірме сабақтарын өткізуге арналған шеберханалары бар жаңа мәдениет үйі еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін жиналып, бас қосатын орынға айналатыны сөзсіз, - дейді облыс әкімі.