Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Шемонаихада хоккей қорабы жаңартылды

Шемонаиха ауданында "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясында хоккей қорабы қайта жаңартылды

Бұған дейін тозығы жеткен хоккей қорабы биыл толықтай жөндеуден өтіп, қоршаулар қойылып, жарықтандырылды.
- Ауданымыздағы хоккей қорабы толықтай жаңартылып, ашылу салты өтті. "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясында хоккей қорабын қайта құру мен жөндеуге 10 млн теңге бөлінді. Мұнда заманауи материалдан жаңа қоршау, қақпа орнатылып, жарықтандырылды, - деп мәлімдеді Шемонаиха ауданы әкімдігіндегілер.
Хоккей қорабы ашыла салысымен мұз алаңында клуб тәрбиеленушілері мен ардагерлері арасында жолдастық кездесу өтті.
- "Смена" хоккей клубы Шемонаихада өткен ғасырдың 70-ші жылдарының басында пайда болды. Осы хоккей алаңында ауданымыздың мақтан тұтар бірнеше ұрпағы өсті. Бүгінде "Смена" клубында 20 бала жаттығады. Сергей Пестов оларды 20 жылға жуық уақыт жаттықтырып келеді. Жыл сайын клубтың спортшылары "Золотая шайба", "Жұлдызша" жарыстарына қатысады, - дейді әкімдік мамандары.
Салтанатты шараға аудан әкімі Григорий Акулов қатысып, клубтың хоккейшілеріне жаңа форма мен құрал-жабдықтар сатып алуға 3 миллион теңге сертификат табыс етті

Следующая →