ШҚО студенттерінде енді электронды студенттік билеттері бар
Студенттік құжат е.gov үкімет порталында қолжетімді болғандықтан, енді студенттер түпнұсқа күіндегі билетерін алып жүрмесе де болады
Электронды студенттік билет оқу ғимаратына, кітапханаға, жатақханаға емін-еркін кіре алу үшін қажет. Сондай-ақ, студент құжатына қандай да бір жерде қандай да бір әлеуметтік жеңілдіктер болса да пайдалы.
Қазір е.gov mobile қосымшасында мынадай да электронды құжаттар қолжетімді: төлқұжат, көлік жүргізушісінің куәлігі, неке куәлігі, туу туралы куәлік, ЖОО дипломы, тегі, аты, жөні ауысқаны туралы куәлік, ажырасу туралы куәлік, техникалық құжат және ПЦР-сынақ.
Следующая →
- Біз еліміздің азаматтарының бәрінің құжаттары электронды-цифрлы форматта болуын қалаймыз. Әрбір студентте осындай электронды студенттік құжаты болса, кез-келген жерде көрсете алатын болады, - дейді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ төрағасы Әсет Тұрысов.Билетті табу үшін, е.gov mobile қосымшасын жүктеп, порталға тіркеліп, "Қызметтер" бөлімінің "Сандық құжаттар" мәзірін таңдау керек. Қолданушы QR код арқылы сұраған құжатының заңды/жарамды екеніне көз жеткізіп, тексере алады.