Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Аян Қалымбек
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен әкімі желтоқсаншыларға уәде берді

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына - 29 жыл

Қылышын сүйретіп келетін қаһарлы да қытымыр қыстың осы бірінші айында тойланатын ырду-дырду мереке көп біздің елде. Бірақ әрбір мемлекеттің ең қастерлі де қадірлі, ең ардақты да тәлімді мейрамы болуы тиіс Тәуелсіздік күні - біздің Қазақстанда 1-ші желтоқсан мен 31-ші желтоқсанда болатын отшашулардың көлеңкесінде қалып келеді. Баяғыдан сол. Жылда құр жалған ұран, жалаң құттықтау. Сөз бен құжат жүзіндегі жоспар мен желге ұшқан миллиондар..!

Қазақтың азаттығы 6 шілдедегі Елбасы мен Нұр-Сұлтанның туған күні, 31 желтоқсандағы рождес-тво мейрамы, 9 мамырдағы Жеңіс күні, жоқ дегенде 22 наурыздағы ұлттық жаңа жылымыз - әз-Наурыз секілді неге дүркіреп атап өтілмейді, тойланбайды? Өйткені дербес ұлт болуға бірден бір себеп болған 1986 жылғы қанды Желтоқсан оқиғасы тарихи тұрғыдан әлі күнге шейін өз бағасын алған жоқ, ал көтерілістің құрбандары ақталған жоқ. Осы орайда желтоқсан оқиғасының қатысушысы, көзкөрген куәгері Маратбек Рамазановпен сұхбаттасудың реті келді.

сұхбат - фотоны автор ұсынды (3).jpg

Өзіңіз жайлы бір ауыз сыр шерте кетсеңіз?

- Мен 1961 жылы 10 мамырда Зайсан ауданы, Көкжыра деген жерде дүниеге келгем. 1979-81 жылдарды әскери борышымды өтеп келген соң әр жерде жұмыс істедім. Ұрдажық, қызба мінезім болатын, сол үшін бірде оқып, бірде оқымай шығып қалып жүрдім. Ақыры Алматыдағы техникумға оқуға түсіп кеттім. Барлығы 1986 жылы, сол Алматыда жүргенде басталды.

Көтеріліс қалай басталды?

- Желтоқсанның он алтысында сағат кешкі бес-алтылар шамасында таксиде келе жатып радиодан Колбин деген біреудің Қазақстанға басшы болып сайланғанын естідік. Басында мән берген жоқпыз. Түнгі 10-дар кезінде жатақханаға Қалелхан Әділханов деген азамат келіп, "ойбай, осылай да осылай, тез алаңға барайық" деп асықтырып, аптықтырған соң, жиырма қыз-жігіт жиналып бардық. Түнгі 12-ден аса алаңдағы мың шақты халықтың ішінен біреу айқайлап: "Сендер қазір қайтыңдар, бірақ бізге сусын, тамақ әкеліп беріп кетіңдер. Ал ертең ешқайсың да қалмай жатақханадағы, пәтердегі, жұмыстағы таныстарыңа, туыстарыңа хабарлап, еремін деушілердің түгелін осында ертіп келіңдер", - деді. Солар шамасы ҚазМУ-дың жігіттері болуы керек деп ойладық. Түнде Асқар деген жолдастарға екі төсек жаймасын тауып бердім. Олар гуашьпен ұран жазып дайындап қойды. Ертесіне таңертең ояна сала "плакаттарды" ұстап көшеге шықтық. Кешке дейін ереуілге жиналып жатқан ел-жұртпен бірге жүрдік. Он жетісінің түнінде нағыз қуғын, төбелес басталды. Цирк айналасы қоршауға алынды. Барлық әскери күштер жұмылдырылды. Көшеден ұстап алып, әй-шәйға қарамай мені қамамақ болғанда қашып кеттім. Жатақханама келдім де тығылып жаттым. Жиырма сегізі ме, жиырма тоғызы ма кураторым келіп, менің техникумнан оқудан шығып қалғанымды айтты.

Қасіретті Желтоқсан көтерілісіне қанша адам қатысты?

- Бір деректерде 70 мың адам жиналды дейді. Бірақ алаңға ондай халық сыймайды. Енді біреулері 40 мың халық болды дейді. Сол қисынға келеді. Өйткені бейресми мәліметтерді әрқашан ескеру керек. Ереуіл кезінде әскер сапында, желтоқсаншыларды басып-жаншыған жасақтың құрамында болған көкшетаулық азаматпен танысып, сөйлестім. Шындығын айтқанда, ол өзі біздерді іздеп тауып, кешірім сұрай келді. Қалтырап, жылап отырып көзімен көргендерін айтып берді. 
"... Алаң-дағы халық 20 мыңға жетті дегені рас, тіпті одан асып кетпесе. Менің взводымды бастапқыда ол жаққа емес, басқа бір тұсқа жіберді. Командирлер ол жерде 17 мың адам барын мәлімдеді. Күндіз суық, түнде ызғар болды. Бізді тоңып қалмасын деп автобустарға алма-кезек кіргізіп тұрды. Бір взвод пен батальон жылынуға кіргенде, бір тобы сыртқа шығады. Әртүрлі ұлт өкілдері жүрді. Қолдарындағы сапер күректер мен оған қатқан қою қызыл қан дағын көргенде жүрегім зырқ етті. Бірнешеуімен тілдесіп қалғанда, бұйрыққа бағынып амалсыз келгендіктерін айтты. Мен де тура солай, әскермен бірге, батальонның қатарында жүрдім. Қаншама қазақтың қаракөз қыз-жігіттері жанұшырып көмек сұрады, араша сұрады. Ештеңе істей алғам жоқ. 17-сі күні түнде қатты қақтығыс болды. Біз тізбек жасап шепте тұрдық. Қолымыздағы сапер күректің сабын өз ішімізге тақап, ұшын алға қаратып, найза секілді көлденең ұстап алғанбыз. Алдымызда бейбіт халық, кілең жастар. Бір кезде артымыздағы қаумалаған нөпірдің толқыны алға итеріп жіберді. Сол кезде менің күрегім қазақтың бір қызының кеудесіне барып қадалды. Шошып кетіп жалма-жан күрегімді тартып алғанымда, қанға боялып шыға келді. Әлгі қыз талықсып құлап бара жатты. Сол жағымдағы орыс солдат күрегімен құлаштап кеп алдындағы көтерілісшінің басынан ұрған кезде, ана қазақ жігіттің әппақ миы бұрқырап көрініп, шашылды да қалды. Сол көрініс әлі күнге көз алдымнан кетпейді. Шеруді тарқатқаннан кейін бізді әкімшілік ғимараттың кіреберісіне жатқызды. Жаңағы орыс жігіт түнімен шошып, айқайлап шықты. Казармада жатқанда да ылғи сөйтеді деп еститінбіз. Өзі басын жарған марқұм қайта-қайта көрінеді екен. Ақыры жынданып кетті...", - дейді Жангелді есімді Көкшетаудың тұрғыны.


Желтоқсан оқиғасы мен қатысушылары дұрыс дәріптелді ме?

- Дәріптелу тұрмақ, осы уаққа шейін өзінің нақты бағасын алған жоқ. Ал желтоқсаншылардың барлығына нашақор, бұзақы, қаңғыбас, бүлікшіл, арандатушы деген жалған айып тақты, жала жапты. Алысқа бармай-ақ қоялық, өзіміздің Сәбираны әлі ақтай алмай келеміз. Сәбира - Желтоқсан көтерілісіне қатысушылардың ішінде ең жасы. 16 жастағы батыл қызды, оның ерлігін исі қазақ танып-білмей жатыр. Танытпауға, білгізбеуге мүдделі адамдар бар. Шығыс Қазақстан облысы негізі көп дүниеде кенжелеп қалып келеді. Алматы жақ кітап шығарып, саябақ салып, жерлес батырларының мүсіндерін қойып жатқанда, біз Сәбирадан тұлға жасай алмай келеміз. Қыршыннан қиылған боздақтардың қаны төгілген Алматыда осы жексенбіде аумағы атшаптырым "Желтоқсаншылар саябағы" салтанатты түрде ашылды. Көзі тірі көтеріліс қатысушылары тұратын шағын аудан салу үшін 50 гектар жер бөлінді. Республика бойынша "Желтоқсан ақиқаты" деген ұйымда тіркелген 50-60 кісі болса, шығыстың өзінен қазір ресми тіркелген 150 адам бар. Сотталған, істі болған, жұмыссыз жүрген нағыз желтоқсаншыларды әлі де болса іздеп, тіркеп жатырмыз. Өткені газет, кітап бетінде жүрген жалған желтоқсаншылар да бар. Олардың алды тіпті баспаналы болып, үкімет жәрдемін алып жатыр, санаторияларына барып жатыр. Солардың кесірінен нағыз қатысушыларға үкіметтің жәрдемі жетпей қалуда.

Қазір қандай жағдай жасалып жатыр?

- Осы жолы бірқатар аудандарды аралап келдік. Көкпекті ауданының орталығы, Тарбағатай ауданының Ақжар және Ақсуат ауылдары Сәбираға көше беретін болды. Зайсанға біздің титтей де өкпеміз жоқ: Желтоқсан көшесі бар, Тәуелсіздік көшесі бар, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясында алаң салынған. Қайрат Рысқұлбекке ескерткіш орнатылған. Алдағы уақытта Сәбирадай батыр қыздың атына бір көше беруді жоспарға енгізетінін айтты. Күні кеше ғана Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар мырзамен кездесу жиыны өтті. Желтоқсаншылар көкейдегі арыз-армандарын айтып, өтініш-талаптарын қойды. Қала басшысы барлығын орындауға уәде берді. Өскеменнен Сәбира Мұхаметжановаға көше беру, Желтоқсан оқиғасы мен қатысушыларына арналған саяжол салу, көтеріліс туралы пьеса жазып, драма 
театр сахнасында спектакль қою, республикалық ақындар айтысын ұйымдастыру - алдағы жартыжылдықта міндетті түрде орындалатын болады деп сендірді. Қызметке жаңадан тағайындалған облыстық Ішкі саясат басшысы Азамат Маратұлы оқу бөлімі арқылы күш салып, Амур көшесіндегі оқыған педагогикалық колледж-ден Сәбираға сынып ашылатынын мәлімдеді. 14 мекемеге ресми түрде хат жолдадым. Жауаптар біртіндеп келіп жатыр. Аллея мәселесі сөз болған №7 хатты облыс басшысы Даниал Кенжетайұлына жібердім. "Құжаттарыңызды жинай беріңіз" деген жауап жетті. Демек, құдай қаласа, жергілікті биліктің қолдауымен, медеуімен Сәбира Мұхаметжанова ақталып, тұлға ретінде танылып, есімі оқулықтарға еніп, саяжол салынып, көшелер берілетін болады.

Әңгімеңізге рахмет!

Следующая →