Катонқарағай ауданында балабақша жөндеуден өтті
Шекаралық аумақтарды дамыту бағдарламасына сай Катонқарағай ауданында бірқатар білім беру мекемелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді
Аудан әкімі арнайы жұмыс сапарымен Аққайнар ауылындағы Чернова орта мектебінің жанындағы шағын орталыққа барды. Аталған нысанда жөндеу жұмыстары толықтай аяқталып, жаңартылды.
Следующая →
- Биыл ауданымызда атқарылған жұмыстар легі аз емес. Соның нәтижесінде ауданымыз көркейіп келе жатыр. Қашан да балалардың сапалы білім алуы маңызды. Осыған орай шекаралық аумақтарды дамыту бағдарламасына сәйкес аудандағы бірқатар білім беру мекемелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Атап айтсақ, Аққайнар ауылындағы Чернова орта мектебінің жанындағы шағын орталық толық жөндеуден өтті. Ғимаратқа орталықтандырылған су жүйесі тартылып, асханасы, санитарлық тораптары жөнделді. Қазіргі таңда орталықта 20-дан астам тәрбиеленуші бар. Пандемияға байланысты тәрбиеленушілер қашықтықтан білім алуда, - дейді аудан әкімі Ренат Құрмамбаев.
Тақырыптар:
Аққайнар ауылындағы Чернова орта мектебінің