Өскемендіктерді құстарға көмектесуге шақырады
Облыстық музей-қорық қызметкерлері халықты "Самал" саябағындағы құстарға жем салғыш жасап, оны үнемі толтырып отыруға шақырады
Мамандар қыста құстарға жем жетпей жататындығын айтады. Қанаттылар шемішкені де, нан қоқымын да қанағат тұтады.
ШҚО музей-қорық баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, біздің өңірде қарға, шекілдек, пайызторғай, ементұмсық, суықторғай, шымшық, көгершіндер қыстап қалады. Кейде шұбар шымшықты да кездестіруге болады.
Егер жемсалғыш жасаған болсаңыз, оның саябақ әкімшілігіне әкеліп берсеңіз жеткілікті. Қызметкерлер өздері орналастырады.
Следующая →

- Бұл құстардың барлығы "Самал" саябағын мекен етеді, - деп атап өтті музей баспасөз қызметі. - Бұнда су бар, ағаштар көп, бірақ жем табу оңай емес. Сол үшін халық құстарға қамқорлық танытқаны дұрыс. Жем салғыш жасап, оның ішіне жиі жем салып отырса, құстар тоқ болары анық.
Егер жемсалғыш жасаған болсаңыз, оның саябақ әкімшілігіне әкеліп берсеңіз жеткілікті. Қызметкерлер өздері орналастырады.