Өскемендегі коммуналдық қызметер жер асты өткеліне жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр
Өскемендегі коммуналдық қызметер жер асты өткеліне жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр
Естеріңізге сала кетейік, жер асты өткелінің жөндеуді қажет ететінін тұрғындар байқағалы көп болған еді – шығар есіктердің бірі қирап, жарықтандыруы да дұрыс емес.
18 желтоқсан күні халық көп жүретін жер асты өткелінде жөндеу жұмыстары басталғаны байқалды. Дәнекерлеушілер, темір ұсталары және жұмыстың басы-қасында қадағалап жетекшілері де жүргенін көрдік. Жалпы Өскемен қаласындағы осындай нысандар, көше, тротуар мен жолдардың жағдайын қадағалап, қажетті жұмыстарды жүргізу "Таза Өскемен" коммуналдық кәсіпорнының мойнында.
Жексенбі күні ШҚО-да қатты қар жауады деп күтілуде. Коммуналдық қызметтер оған сақадай сай екендіктерін айтады.
Следующая →

- Жөндеу жұмыстарын бастадық, қираған есікті қалпына келтіріп жатырмыз, - дейді "Таза Өскемен" коммуналдық кәсіпорнының Үлбі ауданындағы шебері Қуаныш Зәкиев. - Әрине негізгі жұмыстар – көшелер мен тротуарлар тазалығы. Техника да, жұмыскерлер де жеткілікті. Халықты, өздерінің айтуы бойынша, дер кезінде қар шығарылмаса, түсіністік танытуға шақырамыз. Күндіз көлік қозғалысына кедергі келтіріп, кептеліс тудырмас үшін техниканы негізінен түнгі уақытта шығарамыз. Жұмыс барысында көбінесе жол жиегінде қаңтарылып тұрған көліктер кедергі келтіретінін айта кеткен жөн. Ондайда полиция мен эвакуация қызметіне жүгінуге тура келеді.
Жексенбі күні ШҚО-да қатты қар жауады деп күтілуде. Коммуналдық қызметтер оған сақадай сай екендіктерін айтады.