Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Үлкен Нарында Абай саябағы ашылды

Катонқарағай ауданының орталығы Үлкен Нарында ұлы Абайдың 175 жылдығына орай саябақ ашылып, жергілікті тұрғындарға сыйға тартылды

Саябақтың орналасқан жері де сәтті таңдалған. Ауылдың дәл орталығында халық көп ағылатын жерде орналасқан. Аталмыш нысанның құрылысына облыстық бюджет есебінен 100 млн теңге жұмсалды. Саябақ құрылысын жүргізген "Алмұратов" ЖК тиісті жұмыстарды шілдеде бастап, қазанда аяқтады. Саябақтың ең төрінде ұлы Абайдың қоладан құйылған кеуде мүсіні тұғырына қоныпты. Оның эскизін Алматыдағы танымал мүсінші Кәдірхан Кәкімов жасаған. Ақын ескерткішінің айналысына мәрмәр тастан жасалған тақтайшалар орнатылып, оларға Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер келтірілген. Саябақ іші абаттандырылып, шамдар қойылып, тротуар төселген. Айналасына шырша көшеттері отырғызылған. Атап өтерлік жайт, саябақ төрінен орын тепкен ақын мүсінінің бастапқыда үш нұсқасы ұсынылды, олардың лайықтысын таңдау үшін ауданда уақытша комиссия құрылып, солардың шешімі негізінде бүгінгі нұсқасы таңдалып алынды. 
 - Биыл қазақ халқының дара перзенті хәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойын лайықты деңгейде атап өту үшін республика, облыс және аудан көлемінде ауқымды іс-шаралар өтті. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан кемелденуімізге арналған тағлымды істер деп түсінуіміз қажет. Мына ашылған тұрған саябақ тек демалыс орны ғана емес, тұрғындарға, әсіресе, жастарға тәрбиелік мәні зор болмақ. Ұлы ақын мұрасынан нәр алып, ұрпаққа ой салар орын болар деп сенеміз. Саябақ Абай атамыздың атымен аталғандықтан, ары қарай да келушілерге өзінің жақсы тәлім-тәрбиесін беретін бақ болады деп ойлаймыз. Осындай игі шаралар ұлы ойшылдың баға жетпес мұрасын жас ұрпақтың санасына сіңіру үшін жасалып отыр, - деді аудан әкімі Ренат Құрмамбаев. 
Бұл мереке күні аудан орталығынан бөлек, бірқатар елді мекендерде де айтулы оқиғалар орын алды. Мәселен, "Жұмыспен қамтудың жол картасы -
2020" бағдарламасы бойынша жаз мезігілінде ағымдағы жөндеуден өткен Солоновка мен Майемердегі ауылдық клуб ғимараттары осы күні қолданысқа берілсе, шалғайдағы Ақсу, Берел, жол бойындағы Белқарағай, Топқайың ауылдарына "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясында Актив, Теле 
2 ұялы байланысы мен Интернет желісі іске қосылды. Осылайша, аталмыш бағдарлама бойынша аудандағы 15 елді мекенге ұялы байланыс пен интернет тартылуда.
Следующая →