Өскемен
малооблачно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +21°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +23°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Ұлан ауданындағы Сағыр ауылының жолы қашан жөнделеді

Ұлан ауданындағы Сағыр ауылының тұрғындары орталық көше жолының әбден тозығы жеткенін айтады. Көше жолдарына соңғы рет 2014 жылы орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Содан бері әлі жөндеу көрмеген

Ауылға кіреберістен басталатын шұрық тесік көлік жүргізушілердің жүйкесіне тиіп болған сыңайлы.
- Жаяу-жалпы адамға аса білінбейді, ал мотоцикл, көлік жүргізушілердің жолы күрт ұзара түскендей болады. Шыны керек, орталық көшемен жүру қиындай бастады. Бұл ауыл, аудан басшылығындағыларды алаңдатпайтын сияқты, - дейді Ринат есімді ауыл тұрғыны.
Аудандық ТҮКШ, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшылығындағылардың айтуынша, ауыл тұрғындары орталық деп есептейтін Абылайхан көшесіне орташа жөндеу жұмыстары соңғы рет 2014 жылы жүргізілген. Ал әзірге жол жөндеу жұмыстары жоспарда жоқ сыңайлы.
- Биыл Сағыр ауылына орталықтандырылған су құбырын тартуға 920,669 млн теңге бөлінді. Жауапты мердігер "Alash құрылыс KZ" ЖШС. Қазіргі уақытта негізгі жұмыстар бас-талды. Осы себепті жол жөндеу кейінге қалдырылды, - деді бөлімі басшысының міндетін атқарушы Динара Ақылбаева.

Следующая →