Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Аян Қалымбек
Ақпарат көзі:
Устинка

Аягөзік атбегілердің есімі ұлықталып, ескерткіш қойылды

Аягөз аудандық білім беру бөлімінің басшысы Нұрғали Әзімбаев жақсы, тың бастама көтеріп отыр. Бидайық ауылдық аймағына атбегілерге арнап ескерткіш орнатты

Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Мағауиннің атасы, Шұбартаудың шашасына шаң жұқпаған жүйрігі Нарқызыл атты сәйгүлікті республикалық талай бәйгелерге баптаған Мағауия ақсақалдың ескерткіш мүсіні мен осы өңірде ұлттық ат баптау өнерін өрістеткен атбегілердің есімдері жазылған тақтатас Аягөз-Баршатас тас жолының бойына қойылды. Енді осы жолмен жүретін талай жолаушылар темір тұлпарларын тоқтатып, шын тұлпар мен Шұбартау аймағының атбегілеріне тағзым жасап, құрмет көрсетіп өтері сөзсіз.

Тағылымы терең болмақ ескерткіштің орнатылуына Мәдениет ауылындағы Е. Рахмадиев атындағы орта мектептің басшысы Мұхит Ғайсин, Мұрат Смағұлов, Медеу Сыздықов, Қуаныш Мұхтарбекұлы, Қайрош Жұмаханов сынды азаматтар атсалысты.
Следующая →