Өскеменде шектеу режимін бұзудың бес фактісі анықталды
Мониторингтік топтар сауда объектілерінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын кезекті рет тексерді
Облыс орталығында тек 3 желтоқсанда ғана 251 ШОБ нысанына мониторинг жүргізілді, облыстың бас санитарлық дәрігері белгілеген шектеу режимін бұзудың бес фактісі тіркелді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО Ішкі саясат басқармасының ақпараты бойынша, тексерушілер "Стрелец" дүкенінде, "Фото" бөлімінде, "Аманат", "Глобус" дүкендерінде және "Адем" сауда үйінде бұрын анықталған бұзушылықтар бойынша айыппұл салды. Жоғарыда аталған бұзушылықтардың жалпы айыппұл сомасы - 166 680 теңге.
Ал Семейде "Blackberry" кафесінің иесіне айыппұл салынды. Мекеме дұрыс емес уақытта жұмыс істеді. Әкімшілік жаза сомасы - 319 470 теңге.
Риддерде 3 желтоқсан ішінде 61 нысанды қамтып, бес рейд жүргізілді. Тексерушілер бұзушылықтарды анықтаған жоқ. Алайда, демалыс күні жұмыс істеген "Ермак" азық-түлік емес тауарлар дүкенінде бұрын анықталған бұзушылық үшін бір айыппұл салынды.
Зайсан ауданында 51 нысан тексеріліп, үш хаттама толтырылды. Сондай-ақ, бұрын анықталған бұзушылықтар бойынша үш айыппұл салынды: Дайыр ауылында "Дәулет" дүкенінің сатушысына сатып алушыларға қолғапсыз қызмет көрсеткені үшін – 41 670 теңге; Зайсан қаласында жергілікті тұрғынға Маска режимін сақтамағаны үшін – 41 670 теңге; мереке күні қызметін жүзеге асырған "Атамекен" авто бөлшектер дүкенінің иесіне - 319 470 теңге.
Көкпекті, Шемонаиха, Аягөз және Бородулиха аудандарында жергілікті тұрғындарға бетперде режимін сақтамағаны үшін айыппұл салынды. Алтай ауданында сатушылар Жаңа Бұқтырма кентінде "Алтай" дүкенінде, "№1" дүкенінде және Алтай қаласында "Beer fish"дүкенінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар сатып алушыларға қолғапсыз қызмет көрсетті. Сондай-ақ, "Пена" автокөлік жуу орнында әкімші жеке қорғаныс құралдарынсыз жұмыс орнында болды.
Облыстың ІСБ мониторингтік топтардың жұмысы жалғастырылатынын ескертті.
Следующая →