Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Семейдегі балалар шығармашылық сарайы жөнделіп жатыр

Семей қаласындағы балалар шығармашылық сарайы күрделі жөндеуден өтуде. Бүгінгі күні жұмыс 90%-ға аяқталды

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде қалалық балалар шығармашылық сарайының жүзу бассейнінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ғимараттың шатыры мен желдету жүйесі ауыстырылды. Жөндеу жұмысына 237 млн теңге бөлінген. Жауапты мердігер мекеме - «ДОРРЕМСЛУЖБА-2» ЖШС. 
- Бүгінгі күні еден плиталары мен ғимарат шатыры ауыстырылып, сыртқы қабырғалары жөнделді. Бассейннің барлық техникалық бөлмелеріне жөндеу жүргізілді. Суды тазарту, желдету, жарықтандыру, су құбырлары мен кәріз жүйесі толықтай жаңартылды. Қазіргі уақытта жоба аяқталуға жақын, - дейді «ДОРРЕМСЛУЖБА-2» ЖШС бас инженері Рымтай Сағындықов.
Айта кетейік, аталған жөндеу жұмыстары сәуір айында басталған. Бүгінгі күні жұмыс 90%-ға аяқталды. Жоспар бойынша нысан желтоқсан айының соңында пайдалануға берілмек.

Следующая →