ШҚО әкімі карантин жеңілдетіліп, өңірдің "сары аймаққа" енгенін хабарлады
Қараша айының басындағы көрсеткіштермен салыстырғанда өңірдегі коронавирус таралуы коэфиценті 1,85 деңгейінен 0,84 деңгейіне дейін төмендеген
Шығыс Қазақстан облысының басшысы Даниал Ахметов өңірдің "сары аймаққа" кіргендігін айтты. 7 қарашадағы 353 науқас 14 желтоқсан күні 73 адамға азайған.
Следующая →
- Сіздер мен біздер біріге күш жұмылдыра отырып инфекцияның таралу деңгейін төмендете алдық. Ең бастысы, локализация орталығының медициналық-эпидемиологиялық тобының бақылауы мен зерттеуінің бірыңғай жүйесін құра алдық. 1 қарашадан бастап 584 медэпидтобы 3 жарым мың ауру жұқтыру ошағында 21618 науқасты қарады. COVID-19 ауруын тез анықтау мақсатында жұмыс істеп тұрған 13 ПЦР орталықтан басқа жергілікті бюджет есебінен тағы да 6 орталық салдық, - дейді облыс әкімі.Аймақ басшысыныңт айтуынша, пандемия басталғалы бері Шығыс Қазақстан облысында коронавирус індетіне 355 мың тест тапсырылған. Қараша айының өзінде 101 мың тест өткізілген.
- Мониторингтік топтар өте жақсы жұмыс жасады. 1 қарашадан бастап 166 тексеріс тобы 1906 рейд жүргізіп, 4423 нысан тексерілді. 1055 құқықбұзушылық анықталып, 48 миллион теңгені құрайтын 735 айыппұл салынған, - деп мәлімдеді Даниал Кенжетайұлы.
Тақырыптар:
Коронавирус в ВКО Даниал Ахметов Желтая зона по коронавирусу Ограничительные меры в ВКО ПЦР-тест