ШҚО-дағы шаруалар мемлекетке қарыз болып қалды
Демеуқаржы ШҚО шаруаларына толық демеу болмады
Біздің қазақ "оң қолының бергенін сол қолың көрмесін" деуші еді. Алайда Шығыс Қазақстан облысының басшылығы көрмек түгілі берген дүниесін бұлдауға көшіпті.
Аймақтағы шаруа қожалықтары 2018 жылы фермалары мен қыстақтарына күн панельдерін орнату үшін мемлекеттен демеу қаржы алған болатын. Енді ауыл шаруашылығы басқарамасы бөлінген субсидияда қателіктер кеткенін алға тартып, қожалықтарға хат жолдап, артық ақшаны қайтаруды талап етіп жатыр. Шығыс өңірі бойынша барлығы 13 шаруа қожалығы демеу қаржының артық мөлшерін қайтаруға міндеттелген. Басқарма мен әкімдік тарапынан жолданған жоғарыдағыдай мәтіндегі хат таяуда Тарбағатай ауданындағы бір қожалықты басқарып отырған Сағындық Сапаровқа да келіпті. Ол таулы жерде орналасқан қыстағына күн панельдерін орнатуға мемлекеттен көмек ретінде былтыр 2 миллион 920 мың теңге инвестициялық субсидия алған. Бірақ қазір оған артық берілген 480 000 теңгені қайтару керек деген бұйрық жетіп отыр.
Следующая →
Аймақтағы шаруа қожалықтары 2018 жылы фермалары мен қыстақтарына күн панельдерін орнату үшін мемлекеттен демеу қаржы алған болатын. Енді ауыл шаруашылығы басқарамасы бөлінген субсидияда қателіктер кеткенін алға тартып, қожалықтарға хат жолдап, артық ақшаны қайтаруды талап етіп жатыр. Шығыс өңірі бойынша барлығы 13 шаруа қожалығы демеу қаржының артық мөлшерін қайтаруға міндеттелген. Басқарма мен әкімдік тарапынан жолданған жоғарыдағыдай мәтіндегі хат таяуда Тарбағатай ауданындағы бір қожалықты басқарып отырған Сағындық Сапаровқа да келіпті. Ол таулы жерде орналасқан қыстағына күн панельдерін орнатуға мемлекеттен көмек ретінде былтыр 2 миллион 920 мың теңге инвестициялық субсидия алған. Бірақ қазір оған артық берілген 480 000 теңгені қайтару керек деген бұйрық жетіп отыр.
- Аудан орталығынан 50 шақырым жерде "Қанат" шаруа қожалығын құрғанбыз. Тұрмыс үшін қолданылатын күн сәулесі батареяларының 80% құнын үкімет төлейміз деді, төледі. Күн панельдерін алдық. Үйге жарық беріп тұр, су шығаруға қуаты жетіп тұр. Прокуратура, ауданның ауыл шаруашылығы бастығы - барлығы келіп тексеріп, көріп кеткен. Жағдайымыз жақсарды, үкіметке алғысымызды айтып жатырмыз. Енді биыл "субсидия берген кезде қателік кеткен екен, 480 000 теңгені қайтарыңыз" деп сұрап жатыр. Қателік кетті екен деп осы жолы сұраған ақшасын берсек, одан кейін тағы миллион теңгенің қатесі кетті десе, оны да қайтарамыз ба? Келісімшартта үш бірдей мөр басылған. Өздері қол қойып, заңдастырып беріп, енді өздері қайтадан бұзып жатыр. Осы дұрыс па екен?! - дейді Сағындық Сапаров.Сапаровтар жанұясының бұл қыстақта отырғандарына бақандай 45 жыл болыпты. Табан ет, маңдай терлерімен төрт түлік малын өсіріп, шаруасын ілгерілетіп, адал еңбекпен өмір сүріп жатыр. Күн панельдерін орнатуға кеткен шығындарының 80 пайызын мемлекет өтеп бергенде, тұңғыш рет субсидия алған жандардың қуаныштарында шек болмаған. Бұл шынымен де олар үшін үлкен қолдау еді.
- Жазда жайлауға шығып, қыста Шапат қыстауына келіп, қожалық құрып жеке шыққанымыздан бері қырық бес жыл өтіпті. Зейнетке шықсақ та, бала-шағаның қамы деп жұмыс істеп келеміз. Осы кезге дейін мемлекет тарапынан немесе банктерден қарыз, несие алып көргеміз жоқ. Тек мына ауыл шаруашылығын қолдайтын бағдарламаның бар екенін білгенде "үмітсіз шайтан ғана" деп пайдаланып көрейік дедік. Сөйтіп үкімет күн сәулесі батареяларын алу үшін демеу қаржы берді. Үйге су жүргізіп, қуат көзін тартып, теледидар көріп отырмыз. Бірақ енді сол субсидияның бір бөлігін қайтадан қайтарыңдар дегені көкейге қонбайды. Дұрыс емес. Біз жұмсалып кеткен қаражатты қайдан тауып береміз. Жоғары жақтан, басшылықтан өздері дұрыс есептемей бергеніне кінәлі емеспіз, - дейді Құмкөл ауылы Шапат қыстағының тұрғыны Төлеу Кадирова.Негізі әу баста осы демеу қаржыны төлеу кезінде де біраз қиындық туған. Субсидия беру ережелері өзгеріп, шаруалар шағымданып, іске прокуратура араласқаннан кейін ғана ақша тиісті жерлерге бөлініп жеткен.
- 2018 жылы 13 қожалық күн сәулесі панельдерін алу үшін демеу қаржы алуға өтініш берген. 2019 жылы ол ереже өзгеріп кетті. Екі жылдағы бөлінетін қаражат көлемі бірдей емес болғандықтан, құрылған комиссия жұмыстарының шешімі бойынша шаруаларға субсидия мүлде берілмейтін болған. Олар арыз жазған соң ғана, прокуратура қызметкерлері араласып, арнайы өкілдердің қатысуымен 2019 жылы өткен комиссия отырысында 2018 жылғы бастапқы жоба бойынша субсидия төленді. Бірақ осы жолы ревизиялық комиссия тексерген кезде "мыналарыңыз заңсыз, неге 2019 жылы 2018 жылдың ережесімен төледіңдер, енді артық ақшаны үкіметке қайтарсын" деген шешім шығарып отыр, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ербол Қуанышев.23 қазаннан бастап ауыл шаруашылығы басқармасында субсидияның артық қаржысын қайтару жөнінде комиссия құрылып, қазір үш тарап та келіссөздер жүргізіп жатыр. Олар: шаруа қожалықтары, басқарма комиссиясы және ревизиялық комиссия.
- 2019 жылы шаруаларға екі жылдың ереже айырмашылықтарын түсіндіргенде, олар прокуратура бекіткен шешімге сүйеніп, ақшаны қайтарудың дұрыс еместігін дәлелдеп бақты. Шаруа қожалықтары қазір де сотқа жүгіне алады. Ревизиялық комиссия шешімінің қисынға келмейтініне шағымданып, берілген демеу қаржыны басыбайлы өздерінде қалдыруларына болады. Соңғы үш жылда 3 миллиардНегізінде Шығыс Қазақстандағы шаруалардың күн панельдерін жаппай қолдана бастағанына 2-3 жыл болды. Қожалықтарға инвестициялық субсидия ретінде осы уақытқа дейін 5 миллиард теңгеден астам қаржы берілген. Ал ағымдағы жылдың басында осы салаға жауапты лауазымды тұлғалар (ұнның ішіне жасырып) 35 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Қылмыстық іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
теңгеден астам қаражат демеу қаржы есебінде жұмсалды. Жыл сайын 700-800 күн панельдері сатып алынады. Бұл 700-800 шаруа қожалықтары бар деген сөз емес. Өйткені бір шаруашылық үш немесе бес панель сатып алуы мүмкін, - дейді облыстық ауыл шаруашылық басқармасының жетекшісі Гайламазян Владимир Хачехпарович.