Өскемен
ясно
+26°
  • Өскемен
    +26°
  • Алматы
    +30°
  • Астана
    +30°
  • Ақтөбе
    +18°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +23°
  • Қарағанды
    +30°
  • Көкшетау
    +24°
  • Қостанай
    +27°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +31°
  • Петропавловск
    +26°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +31°
$
471.46
+5.94
504.79
+6.59
¥
64.92
+0.87
5.53
+0.08
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде ителгілерді ұстаған ер адам бас бостандығынан айырылды

Өскеменде Қызыл кітапқа енген ителгілерді ұстаған ер адам бас бостандығынан айырылды

Өскемен қалалық №2 сотының мәліметінше, ер адам қазан айында қала аумағында екі ителгіні ұстап алып үйінде асырған.
- Осы іске қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 339-бабы 1-бөлігіне (заңсыз ұстау, иемдену, сақтау, өткізу, енгізу, шығару, тасымалдау, сирек кездесетін және құрып кетудің алдында тұрған өсімдік пен жануарлар түрлерін құрту) сәйкес іс қозғалды, – дейді №2 қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер. – Анықталған дәйектерге сот шешіміне негіз болып, айыпкердің кінәсі дәлелденді. Оған жаза тағайындау кезінде сотталушы кінәсін мойындап, болған іске өкінетіндігін жеткізді.
Сот шешіміне сәйкес қылмыскер бір жылға бас бостандығынан айырылды.
Следующая →