Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО Күршім ауданында денсаулық сақтау саласын дамытуға 1 млрд теңге бөлінді

Күршім ауданының әкімі Дулат Қажанов баспасөз конференциясы барысында денсаулық сақтау саласының дамуы туралы айтып өтті

Күршім ауданында денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша кешенді жоспарды іске асыру кезеңінде 1 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінген.

– "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы бойынша Күршім аудандық орталық ауруханасы мен Марқакөл ауылдық ауруханасының ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Күршім АОА-ның перзентхана бөлімшесінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін қосымша 43 бірлік жабдық сатып алдық. Бұл ретте аудандық аурухананың мамандары үшін жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге, бір жасқа дейінгі балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша біліктілігін арттыру мүмкіндігі қарастырылғанын айта кету керек. Осының арқасында біз перинаталдық көмекті I-ден II деңгейге ауыстырамыз, - деді Дулат Қажанов

Сондай-ақ, Марқакөл ауылдық ауруханасының анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің материалдық-техникалық базасын күшейту жұмыстары жүргізілуде.



Следующая →