Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да 15 ПТР-зертхана жұмыс істеп тұр

Шығыс Қазақстан облысында қазіргі уақытта 15 ПТР-зертхана жұмыс істейді

Өңірдегі ПТР-зертханалар күн сайын тұрғындардан сынамалар алып, зерттеулер жүргізуде. Сондықтан бұл зертханалардың жұмысын толықтай қамтамасыз ету және зерттеу нәтижелерінің сапалы жүргізілуі басты назарға қойылған. ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн конференция барысында облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі Талғат Тұңғышбаев бүгінде аймақ бойынша жұмыс істеп тұрған жеке және бюджеттік зертханаларды атап өтті. 
- Шығыс Қазақстанда 7 жеке зертхана зерттеулер жүргізеді, олар: «InVitro+» КДЕ, «ОЛИМП КДЗ» ЖШС, «IN VIVO» ЖШС, «Alatau Clinic» ЖШС, «Aqualab» зертханасы, «Облыстық репродуктивті медицина орталығы» ЖШС және Ақтоғай кентіндегі модульдік зертхана. Бұл ретте, «IN VIVO» ЖШС, «Alatau Clinic» ЖШС және «Aqualab» зертханасында биологиялық материал алу пунктері ғана жұмыс істейді, ал зерттеулердің өзі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жүргізіледі, - деді ол. 
Талғат Тұңғышбаевтың айтуынша, облыстық және аудандық ауруханалар базасында зерттеулер жүргізетін 8 мемлекеттік зертхана бар. Атап айтсақ, Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы, Ана мен бала орталығы, Өскемендегі Ұлттық сараптама орталығы және оның Семей қалалық бөлімшесі, Өскемендегі №4 қалалық аурухана, сондай-ақ Семейдегі Жедел медициналық жәрдем ауруханасы.

Следующая →