Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да карантин талабын сақтамайтындар әлі де бар

Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеулерін бұзғандарға айыппұл салынып жатыр

Өңірдегі шектеу шараларының сақталуын бақылайтын мониторингтік топтар рейд барысында тұрғындарға көпшілік жерге бармай, әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, маска тағып, антисептик пен бір реттік қолғапты пайдалану сынды санитарлық талаптарды бұзбауға шақыруда. Алайда салынып жатқан айыппұлға қарамастан аймақта карантин шектеулерін елемейтіндер әлі де баршылық. 
- 23 қараша күні Өскеменде өткен рейд кезінде сауда кешендері мен азық-түлік дүкендерінде 5 заңбұзушылық тіркелді. Атап айтқанда, «Заңғар» сауда үйінің, «Томирис» дүкенінің, «Имидж» және «Аида» шаштараздарының жұмысшылары медициналық маскасыз қызмет көрсеткен. Бұдан бөлек, Көкпекті ауданында жүргізілген рейд нәтижесінде санитарлық нормаларды бұзған 67 адамға айыппұл салынды. Глубокое ауданында бір күнде санитарлық нормаларды бұзудың 4 фактісі анықталған, - делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте.
Сондай-ақ, Ұлан ауданы Асубұлақ кентіндегі «Мөлдір» мен «Уалиолла Г» дүкендерінің 2 сатушысына және қоғамдық орында медициналық маскасыз жүрген 2 тұрғынға қатысты хаттамалар толтырылды. Зайсан ауданында 23 қарашада 9 нысанда рейд жүргізіліп, соның нәтижесінде 3 заңбұзушылық фактісі тіркеліп, 319 470 теңге мөлшерінде айыппұл салынған.

Следующая →