Өскеменнің жаңартылған ДШС кешені жас спортшыларды күтеді
"Жұмыспен қамтудың жол картасы" мемлекеттік бағдарламасының аясында күрделі жөндеу жұмыстары жасалған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде енді тек балалар ғана жаттыға алады
Бажов көшесінде орналасқан, жарты ғасырдан бері жөндеу көрмеген ғимараттың жаттығу залдары да, жаттықтырушылар да енді сақадай сай. Бұрын бұл жерде спорт ойындары өтетін 2-ақ зал болса, қазір 3-еу болды. Кешеннің жаңалануы жайында қала басшысы Жақсылық Омар инстаграм желісінде жүргізген тікелей эфир кезінде айтты. Өскемен әкімі эфир кезінде жаңа нысанның ішін аралап, интаграмдағы көрерменге ғимараттың жаңа келбетін таныстырды. Спорт кешенінің ауласында енді көлік қоюға арналған автотұрақ бар. Алдыңғы беті де айтарлықтай өзгерген. Кіреберісіне пандус қойылған. Соған қарағанда бұл дене шынықтыру-сауықтыру орталығында болашақ параолимпиадашылар да жаттығады десек болады.
Спортзалды бояған, едендерді толықтай ауыстырған, жарықтандыруды жақсартқан, дәліздерді кеңейтіп су және тоқ көздері де тартылған.
Спортзалды бояған, едендерді толықтай ауыстырған, жарықтандыруды жақсартқан, дәліздерді кеңейтіп су және тоқ көздері де тартылған.
- Үшінші залдың орнында бұрын үлкен қойма болатын. Енді бұл жерде дзюдошылар мен самбошылар жаттығатын залға айналды. Киім ауыстыру, жуыну, жаттықтырушылардың демалу бөлмелері де қамтылған. Самбо мен дзюдо мектебі бізде жақсы дамыған. Жаттығу сабақтары келер жылдан басталады, - деді Жақсылық Мұқашұлы.Киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелер бұрын да болған, бірақ жетпейтін. Қазір олар көп. Одан бөлек заман талаптарына сай медициналық бөлме де қамтылған. Қала әкімінің айтуынша, жаңа жылдан бастап мұнда күніне 500-ге жуық балалар келеді. Олармен жұмыс істеуге жаттықтырушылар түгелдей дайын.
Следующая →
Тақырыптар:
Спортивные объекты в Усть-Каменогорске ФОК в Усть-Каменогорске Программа "Дорожная карта занятости" Аким Усть-Каменогорска Жаксылык Омар