Өскемен
ясно
+5°
  • Өскемен
    +5°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +16°
$
447.25
+2.46
485.18
+4.14
¥
61.77
+0.29
4.96
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

ШҚО-да бірегей медициналық имплантаттар өндірісі құрылды

Біздің өңірде медициналық имплантаттар өндірісі бойынша ҚР-дағы алғашқы тәжірибелік-өнеркәсіптік учаске іске қосылды

Бұл инновациялық жоба туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында айтып берді. Бұл медициналық бұйымдар травматология мен ортопедияда қолданылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

- Біздің медициналық имплантаттар шығаратын тәжірибелік-өнеркәсіптік учаскеміздің елімізде баламасы жоқ, - деп атап өтті Даниал Ахметов. - Үлгілер адам ағзасының тіндерімен үйлесімділігі үшін сыналды. Қазақстандық имплантаттар сапада ғана емес, сонымен қатар бағада да ұтады. Ортопедиялық протездер шикізаттың өзіндік құнының төмендігіне байланысты шетелдік аналогтардан 70%-ға арзан. Өнімнің 65% облыс кәсіпорындарында өндірілетін болады.

Бұдан басқа, медициналық томографтарда қолданылатын аса өткізгіш сымдарды дайындауға арналған технологиялар әзірленді. Жапондық компанияның сертификатталған зертханасындағы сынақтардың нәтижелері бойынша өнімдер магниттік-резонанстық томографтарды өндіруде қолдану үшін ұсынылады.
Следующая →