Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО экспортқа шығарылатын дақылдар өндірісіне ден қоюда

Шығыс Қазақстан шаруалары суармалы жерлерде көпжылдық жем-шөп дақылдарын өсіріп, жыл сайын жоғары өнім алады. Осы ретте экспортқа шығаратын дақылдардың өндірісін кеңейту және көлемін арттыру бойынша нақты шаралар қабылдануда

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында өсімдік шаруашылығының дамуы туралы баяндады.
Күзгі жиын-теріннің қорытындысы бойынша жалпы өнім жинау 340 млрд. теңгеге бағаланып, өткен жылға қарағанда 130%-ға өсті. Барлығы 804 мың тонна дәнді дақылдар жиналса, соның 626 тоннасы майлы дақылдар.
- Әлемде бұршақ және майлы дақылдарға сұраныс жоғары. Ең үлкен тұтынушы – Қытай. Ол жыл сайын көп мөлшерде май мен май тұқымын сатып алуға дайын. Бүгінгі таңда елімізде өсірілетін күнбағыстың 66%-ы шығыс өңіріне тиесілі. Сондықтан өсімдік майының алуан түрін өндіру бойынша көшбасшы болатын мүмкіндігіміз зор. Майлы дақылдар егістігін 23%-дан 40%-ға дейін ұлғайту қажет, - деді аймақ басшысы.
Облыста майлы дақылдарды қайта өңдеу бойынша үш ірі жоба іске асырылуда. Жобаларды іске қосу өңдеу көлемін жылына 700 мың тонна май мен тұқымға дейін арттыруға мүмкіндік береді, бұл тағы да егіс алқаптарының кеңеюіне және шикізат базасының нығаюына ықпал етеді. Жобаларға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 30 млрд. теңгеден асады.
Бұдан басқа Шығыс Қазақстанда әзірленген өсімдік шаруашылығын дамыту бағдарламасына сәйкес тиімділігі жоғары дақылдардың, атап айтқанда жүгері, соя, рапс алқаптарын ұлғайта отырып, егістіктерді әртараптандыру жұмыстары жүргізілуде.

Следующая →