Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Глубокое ауылдарына ауызсу тартылуда

Глубокое ауданына қарасты Тарханка және Уварово ауылдарына ауызсу тартылуда

Елді мекендерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы өткен жылдың қыркүйегінде басталған болатын. Нысандар жоспар бойынша 2020 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілуі тиіс.
- Қазіргі уақытта Тарханкада су тарту құрылысына қоршау және жарықтандыру құрылғылары орнатылып, электрмен жабдықтау желілері тартылды. Бақылау-өткізу пунктігілерінің құрылысы аяқталды және резервуарлар орнатылып жатыр. Сондай-ақ, тағы 346 құдық орнату жсопарда бар. Су құбыры желілерінің ұзындығы шамамен 40 шақырым болады. Жобаға бір миллиардтан астам теңге бөлінген, - дейді аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дамир Ордаханов.
Оның айтуынша, Тарханка ауылында таза ауыз су әрбір үйге жеткізіледі. Жаңа сумен жабдықтау жүйесі 1800-ден астам адамды қамтиды. Жобаның құны – 570 миллион теңгеден астам. Ал Уварово ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін жаңарту үшін мемлекеттік бюджеттен 496 миллион теңге бөлінген. Мұнда бір жарым мыңға жуық адам таза сумен қамтылмақ.
- Увароводағы сумен жабдықтау жүйесінің тозған құбырларын ауыстырамыз. Бұл судың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ екі резервуар орнатылмақ. Әрқайсысының көлемі 150 текше метр, барлығы 322 құдықты болады, - дейді Дамир Ордаханов.
Айта кетейік, құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін мердігер ұйымдар келсімшартқа сәйкес бұзылған жолдарды жөндеп, қиыршық тас төсейді.
Следующая →